Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет169/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   211
Ипсиляторлық бет – аналық безінің овуляция жасалынған жағы.


258
I
In vitro жағдайында  өсіру – фолликулалар  немесе  олардан  бөлектенілген
ооциттер, эмбриондардың  арнайы  дайындалған  қоректік  ортаға  салынып, өсірілу
əдісі.
In vivо  жағдайында  өсіру – аралық  реципиенттерін  пайдалану  арқылы өсіру
əдісі.
Іздеуші аталық – күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек
малдар.
К
Каллус (лат. callus – қалын  тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік  жасушаларының
ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.
Капацитация – аналықтың  жыныс  мүшесінің  ішіндегі  аталық  ұрық
жасушалары – сперматозоидтардың  ұрықтандыру  қабілетінің  артуы (жұмыртқа
түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).
Кариогамия – екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.
Кариотип (гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың  дəні) – организмдегі
хромосомаларына  тəн  белгілерінің  жиынтығы, ол  хромосомалар  саны, пішіні,
мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Катализатор –  ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін
немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.
Катетерлер
– қолдан  ұрықтандыру  мен  эмбриондар  тасымалдауда
қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет