Криоконсервация– төменгі жəне өте төменгі температуралар арқылы
гаметалар мен эмбриондарды сақтау əдісі.
Криопротектор (гр. kryos – суық, аяз, мұз, лат. protector – қорғаушы, ағ.
cryoprotectant) – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі
сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын
зат.
Күйітті синхронизациялау – эструстарының бірдей мерзімде өтуі үшін, бір
топ ұрғашы дараларға гормональды дəрмектер арқылы əсер ету əдісі.
Күрделі ақуыздар – протеидтер, олар екі бөліктен тұратын ақуыздар. Жəй
ақуыздан жəне ақуыз емес бөліктен, оны протоэтикалық топ деп атайды.
Күшті промотор – РНК-полимеразасы үшін өте жоғары қабілетке ие, өзіндік
ерекшелігі бар индивид.
Қ «Қалыптасқан» жасушаларды өсіру (ағ. «habitual» cell culture) -
«қалыптасқан» жасушалар редифференциялану немесе каллус ұлпаларының
мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі – ол фитогормондар жоқ
қоректік ортада өсуге қабілеттілігі.