Серологиялық əдістер (лат. serum – қан сарысуы) иммунодиагностикалық
əдістер, организмнен тыс антигендер мен антиденелердің əрекеттесуі негізінде
жүретін реакциялар, анықтау сезімталдығы иммуноферменттік талдауға қарағанда
орташа.
Синонимдер – бір амин қышқылдарының бірнеше кодондары. Кейбір амин
қышқылдары бірнеше кодон арқылы ақуызға кіреді. Мысалы, лейцин, серин,
аргинин үшін 6-дан кодон бар. Оның есесіне метионин мен триптофан тек бір-бір
кодонның көмігімен ақуызда болады.
Синхронизация дəлдігінің шектелуі – донорлар мен реципиенттердің
жыныстық циклдары уақыттарының жəне жатырдың дайындығы мен эмбрионның
дамуының сəйкес келуі.
Сомаклондық өзгергіштік (гр. soma – дене, clon ұрпақ, бутақ, ағ. somaclone
variability) – өсімдік жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының
тұрақты еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы – жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқындалады.