Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет69/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   211
Вакциналар  дайындау. Əдетте  вакциналар  ауру  тудыратын  патогенді
микроорганизмдердің  өлтірілген  немесе  шалажансар  күйіндегілері  болып  келетін.
Қазіргі кезде ғалымдар рДНҚ-технологиясы арқылы вакцина дайындау үшін қажетті
ақуыздар жасап шығарған. рДНҚ- технологиясы арқылы синтезделген бұл ақуыздар,
ауру  қоздырушы  патогенді  микроорганизмдердің  қандай  да  бір  қатысуынсызақ,
иммундық  жүйені  сол  патогендерге  қарсы  тұруға  бейімдейді. Соңғы  кездерде
осындай  жолмен  вирустарға  қарсы  қоданылатын  көптеген  əдістерге  патенттер
алынған. Солардың  қатарында  əртүрлі  формадағы  сары  ауруға (гепатит), қышыма,
ВИЧ  инфекциясына, адам  папилломасы  вирусына, өкпе  қабынуына (атипичная
пневмония) жəне де басқа вирустар жатады.
рДНҚ- технологиясы арқылы өкпе құрты ауруына (туберкулез) қарсы вакцина
жасап  шығару  жұмыстарына  да  үлкен  күш  жұмылдыруда. Бұл  ауруға  қарсы  осы
кездерде 
патогендерге 
жақын 
туыс
Bacillus Calmette- Guerin (BCG)
микроорганизмдері  қолданылып  келінген  жəне  олар  əртүрлі  əсер  етуші  еді.
Рекомбинантты  технология BCG  көмегімен  вакцинация  нəтижелерінің  тиімділігін
арттыруы мүмкін деген тұжырым жасалынуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет