137
фотопериодтылығы жəне т.б. белгілері бойынша өте айқын түрде ерекшеленуі
мүмкін. Көбінесе бұл құбылысты хромосомалар саны мен олардағы қайта
құрылымдық өзгерістер нəтижелерімен байланыстырады. Сондықтан өсімдік
протопластары мутагенез үдерістерін зерттеуде таптырмайтын зерзат бола алады.
Протопластарды гибридизациялау жұмыстарын, тек қана бастапқы
материалдар жынысты көбею мүмкіндіктеріне ие өсімдіктеріне ғана емес, сонымен
бірге біріктіруге арналған жасушалары жыныстық жолмен қосылуы мүмкін еместігі
алдын-ала белгілі болған өсімдіктерге де жүргізуге болады. Мұнда назарға ұстайтын
бір жағдай, сомалық гибридтеу жұмыстарының барлық түрлерінде алынған өнімнің
гибридті екендігін нақты анықтау мақсатында, қосылатын өсімдіктердің қайсібірінің
маркерлік генге (биохимиялық немесе басқадай) ие болуын қадағалау қажет.
Осындай мақсатта ауксотрофты мутанттарын пайдалану ыңғайлы келеді.
Гетерокариоттық
сомалық
гибридтерді
микроманипуляторларын,
капиллярлық микропипетка мен істік (шприц) пайдалану арқылы қолмен немесе
флуоресцендік жүйелерін пайдалану негізінде автоматты түрде бөліп алуға болады.
Қазіргі кезде бірталай өсімдік протопластарынан, олардың тонопластық
мембранамен қоршалған жəне құрамына ядродан тыс генетикалық материалдар
кіретін, ядросыз бөлшектері –
микропластары алынған. Сомалық гибридтеу
тəсілдерін қолдана отырып, микропластарды реципиенттік протопластармен
біріктіруге болады. Сондықтан, микропластар фитобиотехнологиядағы жасушалық
инженерия жұмыстарының мүмкіндіктерін арттыруда үлкен маңызға ие. Сонымен
бірге, қазіргі кезде өсімдік протопластарын микроорганизмдер мен жануарлар
жасушаларымен де гибридтеу жұмыстары мүмкін болды.
Хромосомалық инженерия мəселесіне келетін болсақ, жүгері жəне бидай
сияқты қос жарнақты өсімдіктердің полиэтиленгликольмен өңделген реципиентті
протопластарына, жекелеген метафазалық хромосомаларының кіре алатындықтары
дəлелденген. Енді трансгенді өсімдіктерін шығару барысында, зерттеушінің
ұйғарымы бойынша, қосымша генетикалық мəліметтерді енгізудің тура жолдары
ашылды. Жат текті ДНҚ-ын протопластарға тіке тасымалдау жолдары енді
микроиньекция, трансформация, липосомдарға орау жəне кейіннен оларды өсімдік
протопластарымен эндоцитоз жасау немесе электропорация (жоғары кернеулі
электр импульстары) арқылы да атқарылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: