Жасушалық биотехнология – жасушалармен əртүрлі микроманипуляциялар
жасау нəтижесінде, бағалы биологиялық қасиеттері бар организмдерді алуға
бағытталған ғылым саласы. Бұл мақсатта мал шаруашылығында пайдаланылатын
негізгі зерттеу зерзаты ретінде ағзаның көбеюге арналған жасушалары (гонадалар)
алынады.
Мал шаруашылығындағы жасушалық биотехнологиясы өз құрамында бір-
бірін толықтырып тұратын екі ғылыми бағыттан құралады:
1. Эмбриокультуральдық зерттеулер – бөлініп алынған жасушалардың
(гаметалар мен эмбриондар) тіршілігі мен ары қарай өсіп-дамуына қажетті
жағдайларды толықтай қамтамасыз етуге бағытталады. Эмбриокультуральдық
зерттеулердің негізгі міндеттеріне:
А) гаметалар мен эмбриондарды өсіру (культивирование),
Б) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру,
В) гамета мен эмбриондар банкін жасақтау,
Г) қоректік орталар жасау мен оларды жетілдірулер кіреді.
2. Жасушалық технологиялар – бағалы, яғни генотипі «құрастырылған» малдар
шығару мақсатында ядро мен жасушалық деңгейінде атқарылатын жұмыстар.
Жасушалық технологиялардың мал шаруашылығындағы негізгі міндеттері
қатарына:
А) денелік жасушаларын (соматикалық) гибридтеу;
Б) клондау;
В) химерлі жануарлар жасау жұмыстары жатады.