Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет107/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   211
Пішенжем (Сенаж). Пішенжемді  ылғалдылығы 45-55%-дейін  дегдітілген,
бұршақ  тұқымдас (бобовые), бұршақ-дəнді жəне  дəнді өсімдіктерінен дайындайды.
Осындай  ылғалдылықтағы  жəне  ұсақталған  өсімдіктер  арнайы  орындарға
нығыздалу арқылы оның құрамындағы оттегілерінен аластатылады.


159
Пішенжемнің жай шөппен силосқа қарағанда құндылығы жоғары. Осы жолмен
сақтау барысында, азықтың құндылығының небары 3-4% ғана жоғалады. Пішенжем
арқылы  дайындау  кезінде  өсімдіктің  өте  құнды  болып  табылатын  гүлдері,
жапырақтары  сияқты  бөліктері  жақсы  сақталады. Төменгі  ылғалдылық  ашу
үдерісінің  жүрмеуіне, яғни  силостеу  кезіндегідей  көміртекті  заттарының
жоғалмауын қамтамасыз етеді.
Пішенжемді  дайындау  кезінде  оны  жақсылап  нығыздаудың  маңызы  зор.
Нығыздаудың  жақсы  өткенін  сенаж  массасындағы  температура  арқылы  бағалауға
болады. Егерде темрература 37°С жоғары көтерілген болса, нығыздаудың жеткілікті
дəрежеде болмағандығын байқатады.
25-сурет. Пішенжем сақтауға арналып темірден құрастырылған герметикалық
мұнаралар
Ауылшаруашылығының  көптеген  саласында  сонымен  бірге  хайуандар
өнімдерінен  алынатын  малазықтық  заттар  да  көптеп  қолданылады. Бұлардың
қатарына  сүт  жəне  оны  өңдеуден  қалған  қалдықтары, ет  жəне  балық  өндірісінің
қалдық заттарынан дайындалатын өнімдер жатады.
Сүт – өз құрамында жас малдың өсуіне қажетті, жəне ағзаға тез сіңетін барлық
заттар бар, өте құнды азық түрі екендігі белгілі.
Көк  сүт (обрат) – сепаратордан  өткізіліп, құрамындағы  майлары  бөлініп
алынған сұйық сүт. Бұның құрамында ақуыз, қант, минералды заттар болғандықтан,
əлі  де  құнды  азықтық  маңызы  бар. Көк  сүт  құрамындағы  жас  төлге  өте  қажетті,
майда  ерігіш  А  жəне D дəрумендері  сепараторды  тартқан  кезінде  маймен  ілесіп
шығып  кетуі  себепті, кездеспейді. Сондықтан  көк  сүт  бұзаулар  мен  торайларға
ацидофилин  түрінде  беріледі, өйткені  ол  астың  қортылуына  өте  жақсы  əсер  етеді
жəне ішек қуысында кездесетін ірің бактерияларын жоюға оң əсер етеді.
Ірімшік  жəне  сыр дайындаудан  қалатын сүт сарысуының  көк сүтке қарағанда
құнарлығы төмендеу келеді.
Пахта – қаймақтан  май  айыру  кезінде  бөлініп  қалады. Құнарлығы  бойынша
көк сүттен сəл төмендеу келеді.
Сүйек-балық  ұндары – протеинге (1 килограмында 300-500 г) жəне  тез  айнып
кететін майларға өте бай келеді. Сондықтан сүйек-балық ұндарының ұзақ сақталуы


160
үшін, арнайы  зат – сантоквинмен  өңдейді. Сүйек-балық  ұндары  шошқалар  мен
құстарға беріледі.
Мұнан  басқа  ауылшаруашылығы  малдарына  техникалық  мақсатта  өсірілетін
əртүрлі  өсімдік  қалдықтарынан  қалған, құрамында  қоректік  заттар  бар – барда,
күнжара (шрот), сығынды (жом) сияқты көптеген азықтар қолданылады.
Қазіргі  кезде  метионин, треонин, триптофан  жəне  əсіресе, лизин  жетіспейтін
өсімдік тектес жемдерге амин қышқылдарын көп мөлшерде қосады. Егер де малдар
ақуызы құрамында лизин мөлшері 7-9% көлемінде болса, бидай ақуызында ол 3% -
дай  ғана  кездеседі. Жем  құрамына 0,3% лизин қосудың өзінде, мал  азығын 20%-ға
үнемдеуге  қол  жеткізуге  болады. Тек  соңғы 8-10 жылдар  көлемінде  жемге
қосылатын  амин  қышқылдарының  мөлшері 14 есеге  артқан  деген  мəлімет  бар.
Көптеген  елдерде  жемге, ақуыздық  қосымша  ретінде  қолданылатын  соя  ұнына,
метионин  қосылады. Сондықтан  аминқышқылдарының  негізгі  қолданылатын
бағыты – жем құрамын байыту болып табылады. Өндірістік жағдайында өндірілетін
барлық  амин  қышқылдарының 66% жем  құрамын  байыту, 30% тағам  өндірісінде
жəне 4%-ға  жуығы  медицина, косметика  мен  химиялық  реактивтер  ретінде
пайдаланылады. Амин қышқылдарынан, негізінде, глюкозадан 150 есе  тəтті болып
келетін жасанды шырыны – метилді эфир L-аспартил-L-фенилаланин жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет