І тарау бойынша өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Биотехнология ғылымы нені зерттейді жəне оның өнімі қандай үдерістерге
негізделеді?
2. Биотехнология ғылымының жедел дамуы қай кезеңдерден кейін басталды?
3. Биотехнология ғылымы қандай өндіріс салаларымен тығыз байланысты?
4. Биотехнологияның халық шаруашылығындағы қазіргі маңызы мен болашағы
қандай деп ойлайсыз?
5. Биологиялық инженерия ғылымы нені зерттейді?
6. Биологиялық инженерия ғылымының болашағы қандай?
7. Микроорганизмдерді өндірістік мақсатта қолданудың артықшылықтары
қандай?
8. Қазіргі кезде Қазақстанда қандай биотехнологиялық өндіріс салалары дамыған
жəне болашақта қандай өндірістердің даму мүмкіндіктері зор?
9. Көздеген мақсатқа байланысты гендік инженерияның қандай деңгейлерін
ажыратуға болады?
10. Гендік инженерия нені жəне қандай деңгейде зерттейді?
11. Активті, гибридті ДНҚ молекуласын ең бірінші болып кім алды?
12.ДНҚ-ның молекулярлы құрылымы қандай типті нуклеотидтерден тұрады?
13. Гентикалық кодтың универсалдылығы дегенді қалай түсінесіз?
14. Рекомбинантты ДНҚ құрамына енетін жекелеген гендерді қандай
жолдармен дайындауға болады?
15. Гендік инженерияның əдістерін қолдану үшін қажетті басты материал не?
16. Ген инженериясы жəне генетикалық инженерия арасында айырмашылық
бар ма?
17.ДНҚ молекуласы неден құралады?
18. Геном дегеніміз не? Ол қандай қызметке жауап береді?
19. Гендік инженерия жұмыстарының барысы қандай кезеңдерден тұрады?
20. Қажетті ДНҚ-ын бөліп алу жұмыстарының атқарылу кезеңдерін ретімен
айтып беріңіз.
21. ДНҚ сегментін не үшін генетикалық векторлармен біріктіреді?
22. Векторлар дегеніміз не жəне вектор ретінде не қызмет ете алады?
23. Егерде рестрикциялау барысында «жабысқақ» ұшты бөлшектер пайда
болмаса, қандай ферменттер қолданып оларды «мəжбүрлі» түрде
айналдырады?
24. ДНҚ құрамына кіретін нуклеотидтер бір-бірінен не себептен ерекшеленеді?
25. Рестриктаза ферменттерінің атқаратын қызметі қандай?
26. Рекомбинантты ДНҚ-ын клондау үдерісі қалай жүреді?
27. Вектор ретінде қандай заттар пайдаланыла алады?
28. Лигаза ферментінің атқаратын қызметі қандай?
29. Гендік инженерияның денсаулық сақтау саласындағы маңызы қандай деп
ойлайсыз?
30. Гендік инженерия əдістерінің жетілуі адамдарға қандай мүмкіндіктер береді?
31. Гендік инженерия жұмыстарының биологиялық тұрғыда қауіпті болуы мүмкін
бе? Қандай жағдайда қауіп тудыруы мүмкін деп ойлайсыз?