Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мəселелері



Pdf көрінісі
бет124/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211
1. Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мəселелері
Антропогендік  əсерлер  нəтижесінде  Қазақстанның  барлық  аумағында  дерлік
табиғи ортаның елдің болашақ экономикалық жəне əлеуметтік дамуын қамтамасыз
ету  қабілеттілігі  бұзылған. Ауылшаруашылығы  өндірісінің  экстенсивті  дамуы
жердің тозуы мен ландшафттың азаюы түрінде із қалдырған, елдің аумағының 60%
артығы  қатаң  шөлге  ұшыраған, бұл  топырақ  құнарлығының  төмендеуіне  жəне  мал
шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімділігінің азаюына əкеліп соғады.
Бір  ұрпақтың  көз  алдында  Арал  теңізінің  көлемі  екі  есеге  жуық  азайған. Балқаш
көлін де осыған ұқсас тағдыр күтуі мүмкін. Республиканың су қажеттілігі бір жылға
100 км³ кезінде іс жүзіндегі қамтамасыз ету 34,6 км³ құрайды. Жан басына шаққанда
сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында соңғы орында.
Жыл  сайын  республиканың  су  қоймаларына 200 млн. м³ артық  көлеміндегі
ластанған  сарқынды  сулар  құйылады. Көлемдері  бірнешеден  жүздеген  текше
километрге дейін ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзі анықталған.
Өңдеу  жəне  энергетикалық  кешендердің  көптеген  кəсіпорындарында
жетілмеген  технологиялардың  қолданылуы  мен  негізгі  өндірістік  қорларының
табиғи  тозуы – зиянды  қалдықтар шығымының артуына  ықпал етеді. Ауаны, суды
жəне топырақты қарқынды түрде ластау, жануарлар мен өсімдіктер əлемінің табиғи
ресурстарының  азаюы – экожүйелердің  құлдырауына, шөлге  жəне  биологиялық
жəне ландшафтық көп түрлігінің жоғалуына, халықтың денсаулығының нашарлауы
мен өлім-жітімінің өсуіне əкеліп соғады.
Сұйық мал нəжістерінде бруцеллез микробтары 174, құрт ауруы (туберкулез)
таяқшалары 475 күн сақталса, сібір жарасы қоздырғыштары спора түрінде бірнеше
жыл  бойына  өз  тіршілігін  жоймайды  екен. Шағын  жəне  орта  көлемді  мал
фермаларында  мал  қиларымен  араласқан  қалдықтар  бір  жерге  жиналып  қойылған
соң, бір немесе бірнеше жылдардан соң барып тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Осындай қалдықтарды пайдалану топырақ, су, ауа құрамдарының əртүрлі заттармен
ластануына  жол  бергізуі  мүмкін. Биотехнология  қоршаған  ортаны, яғни  адамға
қажетті-қажетті  емес  бактериялардан  бастап, барлық  өсімдік, жан-жануарларға
дейін қорғауды жəне адамға қызмет етуін қалыптастырады. Егер, қоршаған ортаны


182
қорғау үшін əлемдік технологиялар нарығы қазіргі  уақытта 235 миллиард долларға
бағаланса, кейбір  деректер  бойынша  олардың 25-тен 40%-ға  дейінгі  үлесі –
биотехнологиялар үдерісіне тиесілі екен.
Жиырмасыншы  ғасырдың  аяғында  əлемде  синтетикалық  пластмассалардың
өндірісі жылына 30 млн. т. жетті. Пластмассаларды пайдаланудың жылдам дамитын
бағыттардың  бірі – қаптық (қап, пакеттер, т.б.) өнімдер  шығару  болып  табылады.
1975 жылы  полимерлер  қаптау  үшін  қолданылуы  бойынша  əйнек, қағаз  жəне
картоннан кейін үшінші орынға шыққан. Барлық шығарылатын пластиктердің 41%-
ы  қаптауда  пайдаланылады, ал  оның 47%-ы  азық-түлік  өнімдерін  қаптауға
жұмсалады. Егер əйнек ыдысы тұтыну циклінде болса, ал қағаз табиғи жағдайларда
ыдырауға  ұшырайды. Тұрмыстық  қоқыстың 40% құрайтын  синтетикалық
полимерлерден  жасалған  қаптау  материалдары  іс  жүзінде «мəңгілік» болып
есептелінеді, өйткені  ол  ыдырауға  жатпайды  жəне  пластмассалық  қалдықтарымен
не істеу керектігі – ғаламдық экологиялық мəселеге айналып отыр. Пластмассалық
қалдықтар  мəселесін  шешу, елеулі  дəрежеде  əлемдегі  экологиялық  жағдай  мен
жиырма  бірінші  ғасырдағы  синтетикалық  пластмассалар  өндірісінің  дамуының
қарқыны  мен  бағыттарына  байланысты  қалыптасады. Бұл  мəселе  дұрыс  шешімін
таппаған  жағдайда, біз  өз-өзімізді  пластмассалық  қалдықтармен  көміп  тастаймыз.
Биотехнологияның  дамуымен  қатар  қаптау  материалдарын  алу  технологиялары  да
жетілуде, сонымен  бірге  қаптаудың  қызметтік  аясы  да  кеңеюде. Азық-түлік  пен
қоршаған  орта  арасындағы  инертті, индифференттік  кедергіден  қаптау
технологиясы – өндірістің  факторына  айналуда, атап  айтқанда  қазіргі  кезде  оның
көмегімен келесі мəселелер шешілуде:
-өнім  құрамын  өзгертуге  бағытталғаны (бұл  жағдайда  қаптарды  жасау  үшін
иммобилденген ферменттер мен биологиялық белсенді материалдар қолданылады);
-азық-түлік  өнімдерінің «өмірін» ұзартып, микробтық  бұзылудан  қорғайды.
Мысалға, «белсенді» қабықшадағы шұжық өнімінің сақталу мерзімі 2-3 есе артады;
-қабықша  ішінде  тиімді  газдық  ортаны  жасайды, бұл  азық-түлік  өнімдерін
модификацияланған жəне реттелетін ортада сақтау кезінде кеңінен пайдалынылады;
-микротолқындық  жылыту  жағдайында  азық-түлік  өнімдерін  өңдеудің
температурасын  реттейді. Бұл  бағыт  сөзсіз  қызығушылық  туғызады, өйткені,
қоспаны тамаққа емес, полимерлік қабықшаның матрицасына енгізу, оны азық-түлік
өніміне  жаппай  көшірудің  жылдамдығын  реттеп, қоспаның  қолданылуын  ұзартуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі  кезде  əртүрлі  ксенобиотиктердің  деструкция  реакцияларын  жүзеге
асыратын ферменттердің көптеген түрі бар микроорганизмдердің əлеуетін барынша
пайдалану  міндеті  тұр. Бұл  əлеуетті  пайдалану «биоремедиация» болып  табылады.
Бүгінде  өнеркəсіптік  өндірістің 30% жəне  одан  да  көбірегі  тазартушы  құрылыстар
салуға  арналған  шығындар  құрайды. Ағынды  суларды  тазартудың  іс  жүзіндегі
əдістері үнемі жетілдірілуде, бірақ олардың тиімділігі кейде экологиялық талаптарға
сай келмейді. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклімен
қалдықсыз  өндірістерді  жасау  мақсатында  дəстүрлі  өнеркəсіптік  технологияларды
қайта қарау болып табылады. Осы мəселедегі қажетті нормаларға дейін тазартылған
технологиялық цикліне қайтару мен ағынды сулардан пайдалы биоөнімдерді алуда –
жергілікті биотазарту технологиялары басты рөл атқарады демекпіз.


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет