Антральды фолликула (екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру (лат. apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.
Апикальдік басымдылық (лат. apex – ұшы, dominans – үстемділік,
басымдылық) – бұтақтың жоғары жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі
жанама бүршіктердің өсуін тежеуі.