Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет201/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   211
Хромосомалар  сегрегациясы (ағ. chromosome segregationбудан  жасушалар
популяциясындағы кейбір х-хромосомалардың жойылып кетуі.
Хромосомалық  мутация – хромосомалар  құрылымының  өзгеруінен
туындайтын  өзгерістер. Хромосомалар  жасушаның  бөлінуі  кезінде  немесе  əртүрлі
физикалық жағдайлардың əсерінен өзгеріске ұшырайды.
Хромосомалық  мутациялар (лат. deletio – құрту, жою, inversio – төңкеру,
duplicatio -  екі еселену, trans – арқылы өткізіп, location – орналастыру,  transpositio  -
орын  ауыстыру) – хромосомалық  өзгергіштік  немесе  аберрациялар. Оларға
жататындар:
делеция – генетикалық  материалдың  бір  бөлігінің  жойылуы (бір
нуклеотидтен бірнеше гендерге дейін);
  инверсия – хромосома  құрылымының  бұзылуы, бір  бөлігінде  гендер 180º
айналып, кері орналасуына байланысты, хромосомалық мутацияға ұшырауы;
дупликация – хромосоманың  өзгеруі  негізінде  болатын  геннің  немесе
хромосома бөлігінің екі еселенуі;
транслокация -  бір  немесе  бірнеше  хромосомалардың  гомологтық  емес
бөліктерінің алмасуы;
транспозиция – хромосома  бөлігінің  сол  хромосома  ішінде, не  басқа  бір
хромосомаға ауысуы немесе ығысуынан болатын мутация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет