Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы



Pdf көрінісі
бет32/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   211
4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
Жасушаларды  гибридизациялау  жұмыстары  мен  иммунология  ғылымының
дамуы, олардың  өзара  тоғысқан  тұстарында  кейбір  мəселелердің  шешілуін  қажет
етті. Осындай  өзекті  мəселенің  қатарында, моноклональді  антидене (антитель) алу
технологиясын жолға қою болатын.
Адам  ағзасына, тосыннан  енетін, шығу  тегі  бөгде  биологиялық  обьектілерге
(микробтар  жəне  олардың  тіршілігінің  өнімдері, бөгде  жасушалар, өзгертілген  өз
елементтері  жəне т.б.) қарсы тұруда лимфоциттердің маңызы өте зор екендігі  бізге
белгілі. Ағзаға  енген  жат  биологиялық  материалдарға  қарсы  лимфоциттер  деп
аталатын ақ қан түйіршіктері, иммуноглобулиндер немесе антиденелер деп аталатын
ерекше ақуыздық заттар жасап шығарылады. Ағзаға енген бөгде биологиялық заттар
– антигендерге  қарсы  күресу  нəтижесінде, иммуноглобулиндер  оларды
залалсыздандырып, іс-əрекеттерін  бейтараптандырады. Кейіннен  өз  қызметтерін
атқарып болған иммуноглобулиндер мен антиденелер жиынтықтары, ағзаға қажетсіз
зат ретінде сыртқа шығарылады.


56
Алайда, ағзаға  ендірілетін  барлық  тосын  денелері (қан  сарысуы, ақуыздар,
ферменттер, гормондар  жəне  т.б) көбінесе  аралас  құрамдағы  антигендерінен
тұрғандықтан, оларға қарсы көптеген антиденелер бөлініп шыға бастайды. Мысалы,
адамның  қызыл  қан  түйіршіктері (эритроциттер) тек  қана  А (ІІ) жəне  В (ІІІ) қан
топтарына  ғана  емес, сонымен  бірге  резус  факторға  да  антиген  болып  табылады.
Сол  сияқты  бактериялардың  жасуша  қабаттары  мен  вирустар  капсидтерінің
ақуыздары да əртүрлі антигендер ретінде əрекет етіп, түрлі антиденелердің бөлінуін
қоздыра  алады. Яғни, иммундалған  малдардың  қан  сарысуы  əртүрлі  клондардың
бөліп  шығаратын  антиденелері  арқасында, əрдайым  аралас  болып  келеді. Бірақ  та,
зерттеу  жұмыстарына  антиденелерінің  тек  бір  ғана  типі  кездесетін –
моноспецификалық  сарысу (моноспецифическая  сывортка) немесе  моноклональді
антидене (моноклональные антитело) деп  аталынатын  дəрмегін (препарат) қолдану
нəтижелері өте тиімді келеді.
Болашақта  қажеттілігіне  байланысты  спецификалық  иммуноглобулиндерді  алу
мүмкіндігі  артады. Нобель  сыйлығының  лауреаты  австралия  ғалымы  Френк
Бернеттің тұжырымы бойынша, əртүрлі антигендерге тек қана өзіндік лимфоциттер
ғана  сезімтал  болады. Былайша  айтқанда, əрбір  лимфоцит  тек  қана  белгілі  бір
антиденелер  береді. Мысалы, қандай  да  бір  лимфоцит  А-бактериясына  қарсы
иммуноглобулин  жасап  шығарса, онда  келешекте  осы  лимфоциттің  барлық
ұрпақтары да дəл сондай иммуноглобулиндер шығарады. Бір жасушаның ұрпақтары
клон  деп  аталатыны  белгілі. Сондықтан, қандай  да  бір  антигенге  сезімтал
лимфоидты  жасушадан  таралған  клондар, осы  антигенге  қарсы  ұқсас  əрекет
жасайды. Ағзада қандай да бір антигеннің əсері нəтижесіне, тек соған қарсы əрекет
ететін  лимфоидты  клондар  белсенділік  көрсетіп, зиянды  антигенге  қарсы
иммуноглобулиндер  жасап  шығарады. Осы  клонның  көбеюі – ағзаның  белгілі  бір
ауруға  қарсы  тұратын  иммунитетінің  пайда  болуына  алып  келеді. Сол  себепті,
Ф.Бернетт ұсынған теориясын клониалды-селекциялық деп атады.
Моноклональді  антидене  деп – бір  жасуша  клонымен  бөлініп  шығарылатын
антиденелері  айтылады. Френк  Бернетт  ұсынған  теория  бойынша, жасуша
культураларында алынған əртүрлі ß-лимфоциттер клондары арқылы моноклональды
антиденелер  алып, солардың  көмегімен  ауруларды  дəл  диагностикалап, тиісті  ем
қолдану  мүмкіншілігі  ашылады. Алайда  бұған  қарсы  жаңа  қиыншылық  туындады.
Ол – антидене құрушы жасушалардың жасанды қоректік ортадаға өмір сүру мерзімі
өте  аз, яғни  небары 10 күн  аралықтарына  дейін  екендігі  болатын. Сондықтан
бұлардың  өсіп-көбеюін  ұзарту  мақсатындағы  зерттеу  жұмыстары  өз  жалғасын
тапқан  еді. Кейіннен  бұл  əдіс  те  ойлап  табылды, яғни  ол  гибридома  деген  заттың
шығуына байланысты мүмкін болды.
Осындай  зат  алу  мақсатында  швейцарлық  ғалымдар  алғаш  рет 1975 жылы
тышқанның  лимфоциті  мен  жасанды  ортада  өсірілген  сүйек  миының  қатерлі  ісік
жасушаларының гибридтерін алуға  қол  жеткізді. Осы  гибридтер гибридомалар  деп
аталды. Гибридомалар  өздері  шыққан  екі  жасушаның  да  қасиеттерін  алғаны
анықталған. Атап  айтқанда, бастапқы  лимфоциттер  сияқты  олар  антиденелер
шығара  алса, сонымен  бірге, ісік  жасушаларына  тəн  қасиет – жасанды  қоректік
ортада  шексіз  көбею  қабілетіне  ие  болуы  себепті, осы  гибридомның  көптеген
популяциясын  түзуге  мүмкіндік  туғызылған. Ісік  жасушаларына  ұқсас  болуы


57
себепті, оның  атын  əртүрлі  ісіктердің  аттарына, мысалы  саркома, меланома,
миелома, холестеатома жəне т.б. сияқты, ұйқастырып гибридома деп атай бастады.
Гибридома арқылы алынатын антиденелердің бастапқы тегі – ß-лимфоциттің бір
жасушасынан  тарауы  себепті, оларды  моноклональды  деп  атады. Көбінесе  қажетті
гибридоманы табу үшін, соған ұқсас мыңдағанын зерттеу қажет болады, ал бұл өте
қиын  жəне  ауқымды  жұмыс. Бірақ, қажетті  гибридоманы  табуға  кеткен  еңбек  тез
ақталады, себебі  кейіннен  спецификалық  антидене  негізінде  жасалған  дəрілер
бағытты əсер етуі нəтижесінде өте тиімді келеді.
Иммуноглобулиндер  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  қолданбалы  медицинада
кең қолданыс тапқан. Мысалы, оның көмегімен ағзада ісік бар немесе жоқ екендігін
анықтауға  болады. Иммуноглобулиндер  көмегімен  ағзаның  қандай  да  бір
инфекциямен  ауырғанын  дер  кезінде  анықтаудың  да  маңызы  өте  зор. Сонымен
бірге, құрамында  иммуноглобулиндері  бар  қан сарысуы кейбір аурулардың  алдын-
алу мен оларды емдеу үшін де пайдаланылады.
Қандай да бір ауруға қарсы қан сарысуын (сыворотка) алудың кең қолданылатын
тəсілі  ретінде, мал  ағзасына  осы  ауруды  тудыратын  антигендер – бактериялар  мен
вирустарды  егу  арқылы, ағзада  осы  антигендерге  қарсы  тұратын  антиденелердің
пайда  болуын  келтіруге  болады. Ағзаға  енген  вирустар  мен  бактерияларға  қарсы
лимфоциттер  көптеген  антиденелер  жасап  шығарады. Мұнда, пайда  болатын
антиденелердің  көп  түрлілігін, қандайда  бір  антигенге  қарсы  лимфоциттердің
бірнеше  түрінің  əрекет  жасайтынымен  түсіндіруге  болады. Осындай  жолмен
алынған  қан  сарысуының, жекелеген  ауруларды  диагностикалау  мен  емдегенде
тиімділігі  төмендеу  болатыны  белгілі. Сондықтан, сарысу  құрамынан  тек  қана
қажетті  антиденелерді  бөліп  алып, бағытты  түрде  пайдалану  арқылы, оның  тиімді
əсерін  арттыру – өте  маңызды  мəселе  болып  табылады. Бірақ, бұл  мəселені  шешу
өте күрделі, себебі сарысу құрамын қажетсіз антиденелерден тазарту қиын жəне көп
уақыт пен қосымша шығындарды талап етеді.
Моноклональды  антиденелер  жай  қан  сарысуымен  салыстырғанда  өте  үлкен
артықшылыққа  ие. Олардың  жеке  түрлерінде  тек  өздеріне  ғана  тəн  қасиеттер
болады. Сондықтан  олардың  негізінде  өсімдіктер, жануарлар  мен  адамдардың
əртүрлі  ауруларына  дер  кезінде  диагностика  жасайтын  сенімді  сынама (тест)
дəрмектер жасалынған. Атап айтқанда, ветеринарияда  моноклональды  антиденелер
малдардың инфекциялық ауруларын диагностикалауда жəне қатерлі ісік ауруларын
емдеуде  де  нəтижелі  қолданылады. Сондықтан, қазіргі  кезде  гибридомдық
индустрия – биотехнологияның жақсы дамыған бір саласына айнала бастады.
Моноклональды  антиденелерді  адамдар  мен  жануарлардың  қатерлі  ісік
ауруларын  диагностикалап, емдеуде  пайдаланудың  маңызы  өте  зор. АҚШ-да
моноклональды  антиденелердің  көмегімен  өкпе, ішек жəне  көк  бауыр  ісіктерін  тез
əрі  дəл  диагностикалау  əдістері  алғаш  рет  қолданыла  бастаған  болатын. Бұл  үшін
иммуноглобулиндерді  радиоактивті  иодпен (I
131
)  қосып  біріктіріп,  тірі  ағзаға  зиян
келтірмейтіндей, азғана  мөлшерде  егеді. Сөйтіп, адам  ағзасы  мүшелерінің  əр
жерлерінде  радиоактивті  заттардың  тұрақтап  қалуына  байланысты, сол  жерлерде
ісіктер мен метастаздар бар екендігіне көз жеткізіледі.
Қатерлі  ісік  ауруларын  жаңа  тəсілмен  емдеу  əдісі – моноклональды
антиденелерге  ісік  жасушаларына  өте  зиянды  улы  агенттерді  қосып, ісік  шалған


58
жерге бағытты түрде əсер ету арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен алынған
иммунотоксин басқа  сау  жасушаларға  зиянын тигізбей, тек қана  ісік жасушаларын
өлтіре  бастайды. Ал, бұрыннан  қолданылып  келінген – ісік  жасушаларын  дəстүрлі
химиялық жолмен емдеу əдісі, өздерінің бағытты түрде əсер ете алмауы барысында
сау  жасушаларға  зиянды  əсер  етуі  себепті, тиімділігі  төмен  болып  келген  еді.
Сондықтан, қатерлі  ісік  ауруларын  емдеуде  жоғары  радиоактивтілігі  бар
моноклональды антиденелерді пайдалану жақсы нəтиже беруде.
Жапонияның  Дзити  медициналық  университетінің  ғалымдары  лейшманиоз
ауруына  қарсы  осы  ауруды  тасымалдаушы  жəндіктерді  қолданудың  тəсілдерін
тапқан. Атап  айтқанда, ғалымдар Leishmania  қарапайым  паразитін  тасымалдаушы
трансгенді  масаларын  шығарған. Мұндай  трансгенді  масаларға  сілекей  бездері
жұмысын  басқаратын  гендерді  ендіргеннен  кейін, москиттер  лейшманиозға  қарсы
вакциналарды  өздері  бөле  бастаған. Сөйтіп  хайуандарды  шағу  арқылы  масалар
оларды егіп отыратын болған. Тышқандарға жүргізілген сынақ жұмыстары осындай
əдіс нəтижесі қолданыстағы қарапайым жолмен егудегідей иммундық бейімділіктің
пайда болатындығын көрсеткен.
Гибридомаларды  сақтау  мақсатында  аса  төменгі  температуралық  қатыру  əдісі
пайдаланылады  жəне  соның  арқасында  дүние  жүзінің  əртүрлі  зертханаларында
алынған гибродомалармен алмасу мүмкіндіктері пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет