2.1 Дəрумендермен амин қышқылдарын өндіру Дəрумендер – аз концентрацияда жоғары физиологиялық белсенділік
көрсететін төменгі моллекулалық заттар. 1896 жылы голланд дəрігері Эйхман
ақталған (қабығынан тазартылған) күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери»
ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған күрішпен тамақтанса ондай аурумен
ауырмайтындарын жазды. Кейіннен, Гопкинс (1906 ж.) күріш дəнінің сыртқы
қауызында белгісіз заттың бар екенін, ал ақталған күріште оның болмайтынын
анықтаған.
1912 ж. поляк оқымыстысы К. Функ ашытқыдан дəруменге ұқсас, құрамында
амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен
ауырған көгершінді емдеп жазды. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда
болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен
болады деген қортынды жасайды. Ол, бұл затты витаминдер (лат. Вита – тіршілік,
өмір, ал амин – деп химиялық құрамында азоты бар заттар айтылады) деп атады
(қазақша баламасы бойынша – дəрумендер).
Дəрумендердің адам ағзасы үшін биологиялық мəні өте зор. Олар ағзадағы зат
алмасу үдерісін жақсартады, ағзаның əртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресін
күшейтеді жəне адамның жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, əрбір
дəруменнің ағзада атқаратын өз міндеттері болады.
Табиғатта дəруменнің негізгі көзі өсімдіктер мен микроорганизмдер болып
табылады. Қазіргі кезде микробиологиялық жолмен дəрумен В
2
-ні, А жəне В
1
-ді,
дəрумен түзуші алғы заттары – эргостерин жəне биотинді тауықтар мен торайлар
үшін өндіреді. Дүние жүзінде дəруменді 40-фирма өндіреді. Олардың 18-і АҚШ-да,
8-і Жапонияда, 14-і Батыс Европада орналасқан. Дəруменді өндіру көлемі бойынша
1-ші орында Швейцариялық концерн Хофман Ла Роше тұрады, ол жалпы
шығарылатын дəруменнің 70-50% құрайды.