135
жасушалары түсінбейтін интрондарды алып тастау қажет. Осы бағытта жүргізілген
зерттеу жұмыстарының барысында ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер
жасушаларының ДНҚ-ғы ақуыз синтезі кезінде информациялық РНҚ түзілетінін
жəне эндонуклеаз рестрикциясы арқылы интрон бар үлескіні алып тастауға
болатынын анықтаған. Кейіннен бұл үдеріс
сплайсинг (лат. сөзінен ауд. қосылу,
бірігу) деп аталды. Сплайсинг нəтижесінде өсімдіктер мен жануарлар
жасушаларында бактериалды жасушасындағыдай информациялық РНҚ пайда
болады.
1970 жылы АҚШ-тық ғалым Говард Темин ДНҚ орнына РНҚ бар вирустарды
зерттеу нəтижесінде, олардың көбеюі барысында РНҚ матрицасында ДНҚ
синтезделеді деген тұжырымға келеді. Осы уақытқа дейін ғалымдар ақуыз синтезі
кезінде нəсілдік мəліметтер тек бір бағытта – ДНҚ-нан РНҚ-на беріледі деген
пікірде еді. Г. Темин РНҚ-дағы ДНҚ синтезі ревертаза немесе қайтарма
транскриптазасы деп аталатын ерекше фермент арқылы жүзеге асырылады деген
пікірге келеді. Егер де осы ферментті өсімдік пен жануарлардың жасушаларынан
алынған информациялық РНҚ-ын ДНҚ синтездеу бағытында пайдаланса не болады
деген сұрақ туындайды. Осындай жолмен алынған ДНҚ құрамында қажетсіз
интрондардың болмауы себепті, бактериялардың өсімдіктер мен жануарлар
гендерінің «тілін» түсінуі мүмкін ғой? Шынымен, генетикалық инженерия
саласының мамандары өз қолдарына осындай ферменттерді алғанннан соң, жоғары
сатыдағы ағзалардың гендерін бактерия жасушаларында жұмыс істете бастады.
Қайтарма транскриптаза əдісі арқылы бактериялардың адам ағзасының ақуыздарын,
мысалы, гемоглобиннің ақуыздық бөлігі – глобинді синтездеуіне қол жеткізілді.
Бактериалды гендерді өсімдік жасушаларына ендіру бағыты да біршама
қиындықтар туғызады. Себебі, бір бактериалды генді екіншісіне тасымалдау үшін
қолданылып келінген көптеген плазмидтердің, өсімдіктер жасушаларында өз
қызметтерін атқара алмайтындықтары белгілі болды. 1976 жылы агробактериум
тумефациенстің өсімдіктердегі қатерлі ісік (рак) ауруын тудыруының негізгі себебі
– олардағы ерекше Ти плазмидасының болуынан екендігі анықталған. Қазір
ғалымдар осы бағыттағы ізденіс жұмыстарын жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: