Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет125/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   203
 


 
235 
Оқыту  –  бұл  оқушының  танымдық  белсенділігн  басқаруға 
бағытталған мұғалімнің әрекеті.  
Тәрбиелеу  –  бұл  тәрбиелік  ортаны  ұйымдастыру  және 
тұлғаның  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  түрлі  іс-
әрекеттерді  басқаруға  бағытталған  педагогикалық  қызмет.  Олар 
ӛзара  байланысты  және  бір-біріне  бағынышты.  Бұл  оқыту  мен 
тәрбиенің бірлігі идеясының кӛрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір 
процестің  екіжақты  сипаттамасы.  Олардың  арасындағы  шекараны 
белгілеу  мүмкін  емес.  Сондықтан  олар  біртұтас  процесс  ретінде 
қарастырылады. 
Оқыту  мазмұнын,  яғни  сабақ  беру  логикасын  қатаң  түрде 
жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмыснда мүмкін емес.  
 
Сонымен  қатар,  дәріс  барысында  білім  алушыларға  «Педагог 
тҧлғасының  негізгі  кәсіби  маңызды  қасиеттері»  атты 
тақырыпта шағын эссе  жазуы тапсырылады. 
 
Мұғалім  тұлғасының  жеке  ерекшеліктеріне  педагогикалық 
процессте,  тәрбие  жетістігі  де  бағынышты.  Мұғалімді  негізінен 
педагогикалық  бағытталу  ерекшелейді.  Мақсатқа  бағытталу 
педагогикалық  қызметте  бірізділікпен  жүйелілілікті,  ӛз  еңбек 
нәтижесін  дұрыс  бағалау  қабілетін  талап  етеді.  Мұғалім  баланың 
шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог 
оптимистік кӛзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік кӛзқараста болуы 
үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл: 
- баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену; 
- балаларға деген сүйіспеншілік; 
- балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б. 
Мұғалім  мінезіндегі  салмақтылық  ерекше  орынға  ие.  Ол  түрлі 
ситуацияларда 
шыдамдылық, 
жинақылық, 
тӛзімділік, 
бірқалыптылық танытуға міндетті.  
Келесі  маңызды  қасиет  –  талап  қоя  білуі.  Ӛзіне  және  ӛзгеге 
қойылатын талап адамгершілік бастамаларын, моральдық ережелер 
мен нормаларды қалыптастырады.  
Оқушылардың  оқуға  деген  ынтасы  кӛбінесе  тәрбиешінің 
беделімен  анықталады.  «Бедел»  -  барлығына  танымал  мәнділік, 
ықпал, оқытушының тәрбиелік әсерінің күші.  


 
236 
Терең  арнайы  білім,  бала  және  педагогикалық  психологияны 
жете  меңгеру,  кәсіби  іскерлікті  меңгеру,  адамгершілік  кӛзқарас, 
жоғары мәдениеттілік – мұғалім беделін қамтамасыз етеді.  
Осыған  сәйкес  педагогикада  мҧғалімның  тҥрлі  модельдері 
ҧсынылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет