Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет153/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203
VII. 
«ДИДАКТИКА» 
БӚЛІМІНЕ 
ӘДІСТЕМЕЛІК 
СИПАТТАМА 
 
1. 
Болашақ 
педагогтарды 
жалпы 
педагогикалық 
дайындаудағы бӛлімнің маңызы, мақсаты, міндеттері  
Республикамыз  қазіргі  даму  кезеңінде  педагогикалық  үрдісті 
жүзеге  асыруға  теориялық  және  практикалық  дайындығы  бар, 
оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  оқытудың  жаңа  әдістері  мен 
технологияларын  меңгерген,  ӛз  бетімен  білім  алып,  түрлі 
жағдайлардан  шешім  тауып  шыға  алатын  педагог-психологтарды 
қажет етуде.  
Жоғары  оқу  орнының  педагогикалық  процесi  -  дидактикалық 
зерттеулердiң  маңызды  объектiсi  болып  табылады.  Дидактика 
оқытудың  жалпы  теориясы  ретiнде  жекелеген  педагогикалық  оқу 
пәндерi  «iшiнде»  қалыптасатын,  бiлiмнiң  мазмұны  мен  ойлау 
әдiстерiндегi  сол  жалпылықты  анықтауға  және  қалыптастыруға 
мiндеттi.  
Дидактика – педагогика курсының маңызды бӛлімі. Дидактика 
–  оқу  процессінің  ғылыми  негізі  болып  табылады.  Ол    кез-келген 
оқу-тәрбие орнында негізгі орынға ие. Дидактиканың мәні – адамға 
білім  берудің  және  тәрбиелеудің  құралы  ретінде  оқыту  болады, 
яғни  оқушылардың  білім  мазмұнын  меңгеруді  қамтамасыз  ететін 
педагог  ұйымдастырған  сабақ  берумен  оқудың  бірлігінің  ӛзара 
байланысы. 
Курс мақсаты – студенттерге адамды оқыту мен тәрбиелеудің 
ғылыми негіздерін меңгерту. 
Курс  міндеттері:  студенттерге  педагогика  ғылымының  негізгі 
ұғымдарын,  адам  дамуының  негізгі  факторларын,  жеке  тұлғаның 
қалыптасуы ерекшеліктерін меңгерту. 
Курс мазмҧны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің 
ӛзіндік  және  оқытушымен  ӛткізілетін  ӛзіндік  жұмыстары  арқылы 
жүргізіледі.  Студенттер  кәсіби  білім,  біліктіліктер  және  дағды, 
іскерліктерді меңгереді.  
Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың 
және 
білім 
берудің 
теориясы, 
педагогиканың 
саласы. 
Дидактиканың  мәні  –  адамға  білім  берудің  және  тәрбиелеудің 
құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын 
меңгеруді  қамтамасыз  ететін  мұғалім  ұйымдастырған  сабақ 
берумен оқудың бірлігінің ӛзара байланысы.  


 
271 
Дидактика  –  теориялық  және  сонымен  қатар  нормативті  – 
қолданбалы  ғылым.  Дидактиканың  ғылыми  –  теориялық 
функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр 
түрлі 
мақсаттарының 
фактілері 
мен 
заңдылықтарының 
байланыстарын  анықтау,  олардың  мәнін  ашу,  дамуының  үрдістері 
мен  болашағын  анықтау  болып  табылады.  Алынған  теориялық 
білімдер  оқытудың  практикасын  бағыттауға  мүмкіншілік  береді. 
Оқыту  теориясы  білім  мазмұнын  таңдау  мәселесін  жасап,  оқыту 
ұстанымдарын  орнатып,  оқыту  әдістерін  және  құралдарын 
қолданудың  нормативтерін  белгілеп  нормативті-қолданбалы, 
конструктивті  –  технологиялық  функцияны  атқарады.  Бұл 
функциялардың  бірлігінде  дидактика  –  бұл  оқыту  процесінің 
мәнінің  түсінігі,  оның  білімдік,  тәрбиелік  және  дамытушылық 
функциясын жүзеге асырылуы. 
Дидактиканың  негізгі  категориялары  (ұғымдары):  сабақ  беру 
(преподавание),  оқу,  оқыту,  білім  беру,  білім,  іскерлік,  дағды, 
оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  түрлері,  формалары,  әдістері, 
құралдары, нәтижесі.  
Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсатын жүзеге асырудағы 
ақпараттандыруды,  тәрбиелеуді,  білімді  ұғынуды  және  практикада 
қолдануды  қамтамасыз  ететін  мұғалімдердің  тәртіпке  келтірілген 
іс-әрекеті.  
Оқу  -  процесс,  оның  барысында  оқушыда  тану,  жаттығу  және 
тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа 
формалары пайда болады. 
Оқыту  -  қойылған  мақсатты  орындауға  бағытталған  мұғалім 
мен оқушылардың тәртіпке келтірілген ӛзара әрекеті. Бұл олардың 
бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.  
Білім  беру  –  оқушының  оқыту  процесінде  ие  болған  білімнің, 
іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.  
 Оқыту  процесіне  педагогикадан  тыс  (қоғамдық  жағдайлар) 
және  педагогика  ішкілік  (сыныптың  құрамы,  оқу  материалының 
ерекшелігі)  сияқты  кӛптеген  факторлардың  әсер  етуі  дидактикада 
статистикалық  заңдардың  кӛп  болуын  шарттандырады,  яғни 
берілген жағдайларда оқыту процесінде ӛзгерістердің қандайда бір 
болымын болжайды.  
Дидактиканың  заңдарының  бір  бӛлігі  динамикалыққа  жатады. 
Онда  объектінің  бастапқы  жағдайы  оның  әрі  қарай  ӛзгеруін 
бірмәнді  анықтайды.  Дидактикалық  заңдылықтардың  ерекшелігін 


 
272 
сабақ  беру,  оқу  және  білім  беру  мазмұнының  арасындағы 
тәуелділік  сипаттайды.  Дидактикалық  заңдылықтар  жекелеген  оқу 
пәндерінің 
мазмұнына 
тәуелсіз. 
Негізгі 
дидактикалық 
заңдылықтар:  оқытудың  әлеуметтік  сұранысқа  және  қоғамдық 
жағдайға  тәуелділігі,  оқытудың  әлеуметтік-қалыптастырушы  және 
тәрбиелеушілік  сипаты,  оқытудың  тиімділігінің  оқушылардың 
белсенділігіне  және  олардың  оқуға  деген  мақсатты  бағытталған 
жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі т.б.  
Заңдылықтардың  басқа  бір  тобы  мынадай:  құрылымдық  (оқу 
әдістерінің  әр  түрлі  білім  мазмұнының  түрлерін  меңгеру 
тәсілдеріне  тәуелділігі),  жүйелілік  (сабақ  берудің,  оқудың  және 
білім  мазмұнының  бірлігі),  эволюциялық  (оқушылардың  жасына 
және  даярлық  деңгейіне  сәйкесті  оқыту  процесінің  құрымының 
ӛзгеруі),  функционалдық  (оқушыларда  әлеуметтік  тәжірибені 
сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи. 
Біздің  елімізде  болып  жатқан  ӛзгерістер  оқу  процесінің 
мазмұны  мен  ұйымдастырылуына  елеулі  ӛзгерістер  енгізеді. 
Дидактика осы ӛзгерістер ӛз құрылымы мен мазмұнында кӛсретеді. 
Дидактиканың  оқу  пәні  ретінде  мазмұнын  анықтауда  дидактика 
пәні  мен  жүйесін  белгілеу  басты  орын  алады.  М.А.  Данилов,  Б.П. 
Есипов  ӛздерінің  «Дидактика»  атты  еңбегінде  оны  білім  беру  мен 
оқытудың  теориясын  баяндайтын  педагогиканың  бір  саласы  деп 
анықтама  береді.  «Ол  мектептегі  білім  берудің  міндеттері  мен 
мазмұнын,  оқушылардың  білім,  білік  және  дағдыны  меңгеру 
процесін,  оқытудың  прициптерін,  әдістерін,  ұйымдастыру 
формаларын  зерттейді»  делінген.  Осында  дидактика  пәні  мен 
құрылымына жалпы анықтама берілген. 
Дидактиканың тӛмендегідей құрылымы берілген: 
1.Дидактика пәні. 
2.Білім беру міндеттері мен мазмұны. 
3.Оқыту процесі. 
4. Оқыту прициптері. 
5.Оқыту әдістері. 
6.Сабақ – оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. 
7.  Оқушылардың    білімін,  білігін,  дағдысын  тексеру  және 
бағалау. 
Білімнің  мазмҧны  –  оқыту  процесі  компоненттерінің  бірі.  Бұл 
ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің 


 
273 
негізінде    оқушылардың  ақыл-ойы,  қабілеті  дамиды,  ғылыми-
материалистік кӛзқарасы, мінезі қалыптасады. 
Білім  мазмҧны  бұл  –  бірінші,  алдыңғы  ұрпақтың  тәжірибесін 
меңгеру 
тәжірибесі, 
екінші 
жеке 
тұлға 
мінез-құлқының 
типологиялық  сапаларын  тәрбиелеу,  үшіншіден  адамның  ақыл-ой 
және  дене-күш  жағынан  дамуымен  сипатталатын  үш  біртұтас 
үрдістің мазмұны. 
Білім мазмұны кӛптеген нормативті құжаттарда анықталған.  
Білім  мазмұны  біздің  елімізде,  шетелдерде  әлі  де  жеткілікті 
зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде 
болып  отыратын  мектеп  реформасының  негізіне  жатады.  Әрбір 
реформада  заман  талаптарына  сәйкес  білім  мазмұны  ӛзгеріске 
ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.   
Білім  мазмұнының  қайнар  кӛзі  –  материалдық  және  рухани 
мәдениетте  бекітілген  адамзаттың  әлеуметтік  тәжірибесі  болып 
табылады.  Әлеуметтік  тәжірибе  тӛрт  элементті  енгізеді:  білім 
(олардың  түрлерінің  жиынтығы  индивидте  қоршаған  шындық 
туралы  жалпы  түсінік  және  қажетті  іс-әрекетте  бағытталғандығын 
анықтайды);  іс-әрекеттің  тәсілдерін  жүзеге  асыру  тәжірибесі  (оны 
меңгеру  барысында  іскерліктер  мен  дағдылар  қалыптасады, 
олардың  функциясы  жинақталған  мәдениетті  қайта  жасап  сақтап 
және  дамыту  болады,  сол  арқылы  қоғамның  репродуктивтік  іс-
әрекеті  қамтамасыз  етіледі),  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі 
(оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту); шындыққа, ӛз іс-
әрекетіне,  ӛз-ӛзіне  деген  эмоционалдық-құндылықтық  қатынастың 
тәжірибесі. 
Білім  мазмҧнын  қалыптастырудың  ҧстанымдары:  бүкіл 
элементтерінің  және  бүкіл  деңгейлерінде  қоғамның  сұранысына 
сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының 
бірлігі,  ақырында  оқыту  процесінде  оны  жүзеге  асырудың  нақты 
формаларында 
жалпыдан 
жекелікке 
қозғалысында 
білім 
мазмұнының  әр  түрлі  деңгейде  қалыптасуында  құрылымдық 
бірлігі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет