Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет16/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203
Педагогикалық  процесс  –  бұл  арнайы  ұйымдастырылған,  білім 
алу,  білік  пен  тәжірибені  меңгерумен  және    тұлғаның 
психологиялық, 
денелік 
дамуымен 
мақсатты 
бағытталған  
педагогтар мен білім алушылардың ӛзара іс-әрекеті.Оның негізінде 
педагогикалық  іс-әрекет  бірлігі  ретінде  және  белсенді  қабылдау 
мен  меңгеру  білім  алушылардың  ӛз  белсенділігінің  нәтижесінде 
мінез-құлқы,  іс-әрекеті,  қарым-қатынасының  ӛзгерісі  жатыр. 
«Педагогикалық  процестің»  синонимі  ретінде  кӛбіне  «оқу-тәрбие 
процесі», «білім беру процесі» қолданылады. 
Педагогика 
ғылымы 
барлық 
ғылымдармен 
байланысты:философиямен, 
анатомиямен, 
физиологиямен, 
психологиямен,  биологиямен,  кибернетикамен  тығыз  байланысты. 
Сондықтан, педагогикада пәнаралық түсініктері – тҧлға, іс-әрекет, 
даму, қалыптастыру, қарым-қатынас жиі қолданылады. 
Тҧлға  –  әлеуметтік  адам,  қарым-қатынас  ӛнімі.  Адам  ӛмірге 
тұлға  болып  келмейді,  ӛмір  барысында  тұлға  болып  қалыптасады. 
Тҧлға  –  бҧл  нақты  жеке  және  әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктері  бар    және  ӛз  кӛзқарасы  мен  қоршаған  ортаға 
қарым-қатынасы қалыптасқан  адам. 
Іс-әрекет- 
адам 
қажеттілігімен 
қызығушылығын 
қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс 
-әрекет жиынтығы. 
Даму  -  адамның  денелік  және  рухани  күшінің  жүйелі  сандық 
және сапалық ӛзгерісінің объективті процесі. 
Қалыптастыру  -  адамның  қоршаған  ортадағы  ӛз  орынын  , 
қызметін, міндетін біліп қызметтік жетілдіру процесі. 
Тұлғаны  қалыптастыру  процесі  түрлі  табиғи  және  қоғамдық, 
ішкі  және  сыртқы,  ағымды  және  ережеге  сәйкесті  факторлар 
әсерінен жүзеге асады. 
Қарым-қатынас    қатысымға  түсетін  адамның  мінез-құлық, 
эмоционалды-ерікті,  танымдық  және  мотивациялық  аймағындағы 
ӛзгерістерге қол жеткізу мақсатын басшылыққа алатын және ықпал 
етудің  әртүрлі  шарттарының  кӛмегімен  жүзеге  асатын  іс-әрекет 
процесінде адамның ӛзара әсерлесуі. 


 
45 
Педагогика ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және ӛзін-ӛзі жетілдіру процесін 
зерттейді. 
Ӛздігінен  білім  алу  –  адам  білімін,  дағдысын,  біліктілігін 
тереңдету мақсатындағы іс-әрекеті. 
Ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу-  қоғам  талабына  сәйкесті  адам  бойында 
жағымды  сапаларды  қалыптастыру  және  теріс  сапалардың 
алдыналуға мақсаттты түрде бағытталған іс-әрекет. 
Педагогика  нақты  адаммен,  дара  тұлғамен,  топпен,  ұжыммен, 
оны  қалыптастыруды  мақсат  етiп  қоя  отырып,  тiкелей 
байланысатын  бiрден-бiр  ғылым.  Педагогикалық  iс-әрекеттi 
жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз 
жоқ  бӛтен  ғылыми  бiлiмдерден  барлық  қажеттiлiгi  мен 
құндылығын  таңдап  алуы  керек.  Тағы  да  К.Д.Ушинскийге 
жүгiнсек:  «Егер  педагогика  адамды  барлық  жағынан  тәрбиелегiсi 
келсе,  онда  ол  бәрiнен  бұрын  оны  барлық  жағынан  бiлуi  керек». 
Бұл  бiлiмдер  педагогиканың  әдiснамасын  жасау,  кешендi 
педагогикалық  зерттеулер  жүргiзу  үшiн  әртүрлi  оқу-тәрбие 
жүйелерi  қызмет  етуiнiң  мақсатты  бiлiм  мазмұны,  формасы, 
әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың 
ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.  
Әрдеңгейлi  бiлiм  беру  жүйелерi,  олардың  қызметiндегi 
сабақтастық – бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. 
Мұндай  жүйенi  жасауға  деген  қажеттiлiк  бүгiнгi  күнi  ерекше 
кӛкейтестi  және  қоғамның  әлеуметтiк-  экономикалық  дамуынан 
туындап  отыр.  Рухани,  әлеуметтiк,  мәдени  аймақта  даму 
тенденциясы  адамның  жеке  бiлiмдiк  қажеттiлiгiнiң  динамикасына 
байланысты пайда болуда.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет