Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет18/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203
Бесінші заңдылық – жоғары білімнің коммерциализациясы. Бұл 
тенденцияның  тағы  бір  атауы  –  жоғары  білім  берудің 
сервизациясы.  Коммерциялық  емес  ұйымдардың  қаржылық 
қорлары  қызмет  кӛрсетудің  түріне  және  сипатына  –  ақылы  және 
ақысыз  байланысты  түрлі  кӛздермен  реттеледі.  Бұл  кӛздерге  әр 
түрлі  деңгейдегі  бюджет  қаржылары,  орындалған  жұмысқа  және 
қызмет  кӛрсетуге  тӛлем,  мүлікті  жалға  бергеннен  түсетін  қаржы, 
қосымша тӛлемдер және т.б. жатуы мүмкін.  
Қазіргі  таңда  білім  беру  қызмет  кӛрсету  саласының 
компонентіне  айналды,  ол  бұл  кұбылыстың  барлық  белгілері 
кӛрінісінің  клиентке  бағдарлануымен,  білім  беру  ӛнімдері  мен 
қызмет 
кӛрсетулерді 
сатуды 
жоспарлаумен, 
жарнамалық 
қызметтермен  және  т.б.  сипатталады.  Зерттеушілердің  айтуынша, 
бүкіл  әлемде  ақылы  қызмет  кӛрсетулердің  аясының  кеңеюі 
бюджеттік  қаржыландырудың  жетіспеуінен  ғана  емес,  оқу 
орнының  оның  қызметінің  жекеленуі  нәтижесінде  туындаған 
шаруашылық  субъект,  кәсіпкерлік  бірлік  ретінде  орын  алуымен 
байланысты.Зерттеушілердің  пікірлері  бойынша,  бүгінгі  күні 
жоғары  оқу  орындарына  стратегиялық  қаржылық  жоспарлаумен 
айналысуға, кіріс және шығыс аймағында жеке саясатты анықтауға, 
қызмет  кӛрсетудің  сыртқы  тұтынушыларының  сұраныстарын 
қанағаттандыруға,  кәсіпкерлік  қызметтің  дамуына,  қаржылық 
менеджменттің  «айқындылығын»  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін инфрақұрылымдар тудыру қажеттілігі сезіледі.  
Алтыншы заңдылық  –  жоғары білім беру гуманизациясы және 
оның  гуманитаризациясы  құраушы  бӛлік  ретінде.  Білім  беру 
үрдісінің  нақты  студент  (және  оқытушы)  тұлғасына  бағдарлануы, 
білім  беру  үрдісінің  «адами  келбетке  енуі»  -  бұл  батыс  жоғары 


 
48 
мектебіне тән оның дамуының стратегиялық бағыты. Оның жүзеге 
асуы  үшін  міндетті  түрде  жоғары  мектеп  оқытушысын  даярлау 
қажет.  Бұл  саладағы  зерттеулерді  қарастырсақ,  ол  біріншіден,  
адамды ең жоғары құндылық ретінде қарастыратын аксиологиялық 
тұрғыны  бӛлу  қажет,  екіншіден,  антропобағдарланған  кәсіби 
іскерлік  (сенімді  және  ашық  сӛйлесу,  диалог  жүргізу, 
психологиялық  кӛмек  беру  және  т.б.)  игеру  қажет.  Білім  беру 
гуманизациясы оның гуманитаризациясымен тығыз байланысты.  
Жетінші  заңдылық  –  оқу  үрдісінің  интенсификациясы. 
Оқытушылар  оқу  үрдісінің  жан  жақты  интенсификациясына,  яғни 
студенттердің  ӛз  бетімен  жұмысына  негізгі  басымдық  беру 
жолымен назар аударады. Ол түрлі елдерде оқу жұмысының басты 
формасына айналған. ЖОО түлегі меңгеру қажет жоғары оқу орны 
мазмұны жылдан жылға ұлғаюда, сондықтан ақпаратты «біріктіру» 
туралы,  ақпараттың  кең  кӛлемін  аз  уақытта  игеруге  болатын 
ғылыми  білімді  жалпылау  инварианттарын  табу  туралы  мәселе 
туындайды.  Бұл  мәселемен  жас  әрі  тез  дамып  жатқан  ақпараттық 
технология  саласы  білім  инженериясы  айналысады.  Оқу  үрдісінің 
интенсификациясын  зерттеушілер  білім  беру  үрдісінде  субъект-
субъект  ӛзара  әрекетін  жүзеге  асыратын  оқытудың  белсенді 
әдістерімен,  формаларымен  байланыстырады.    Олардың  ішінде: 
кейс-стади  технологиясы,  жобалар  әдісі,  нақты  іскерліктен  мен 
дағдыларды игеруге арналған тренингтер және т.б. 
Сегізінші  заңдылық  –  жоғары  білім  берудің  бейімделгіштігін 
арттыру.  Сонымен  бірге  жоғары  білім  берудің  кӛпсатылығы, 
студенттерге  бейім  білім  беру  траекториясын  қалыптастыру  үшін 
оқу  курстарының  модульдік  топтастырылуы  (яғни  білім  беру 
мазмұнының  бейімділігі),  оқытудың  ұйымдастыру  формаларының, 
тіпті  сабақ  кестесінің  (сабақты  демалыс  күндері  және  кеште  оқуға 
таңдау немесе педагогпен электрондық пошта арқылы хабар алысу) 
бейімделгіштігі.   
Білім  беру  үрдісін  ұйымдастырудың  кредиттік  жүйесі, 
студенттердің оқу үлгерімінің рейтингілік бағалануы, жоғары білім 
берудің  бейімділігін  күшейтеді.  Зерттеушілердің  бағалауы 
бойынша, кредиттік-рейтингілік жүйе :  

 
ЖОО  оқытудың  түрлі  техноллогиялары  мен  формаларын 
дамытуды 
ынталандырады 
(күндізгі, 
сырттай, 
қашықтан, 
экстернат); 


 
49 

 
Оқу  үрдісін  либерализациялайды,  және  студенттің  ӛздік 
жұмысын мадақтай келе, оны студентке бағдарлайды;  

 
Мазмұнды  және  соңғы  нәтижелерді  ескерек  отырып, 
курстарды  әдістемелік  қамтамасыз  етуді  тиімді  жоспарлауға 
мүмкіндік береді;  

 
Диагностиканың 
қазіргі 
әдістерін 
қолдана 
отырып, 
мониторинг  үрдісін  жетілдіруге  және  білім  беру  бағдарламасын 
меңгеру сапасын бағалауға ынталандырады; 

 
ЖОО  білім  беру  қызметі  мен  мамандар  даярлауда  сапа 
менеджментінің қазіргі жүйесін жасауға мүмкіндік береді;  

 
Кәсіби  біліктіліктер  мен  жоғары  білім  туралы  дипломдарды 
нострификациялау  процедурасы  негізінде  жеке  мемлекеттердің 
жоары  мектептерінің  жоғары  білімнің  әлемдің  жүйесімен 
интеграциясына ықпал етеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет