Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет198/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203
Отбасы педагогикасы – бұл теория. Ол педагогика ғылымының 
саласы,  ол  институционалдық  белгісіне  қарай,  яғни  әлеуметтік 
институт.  Тарихи-педагогикалық  материалды  дұрыс  қолдана 
отырып,  студенттерге  отбасы  педагогикасының  пайда  болуы, 
дамуы және қалыптасуы жайында толық түсінік беру қажет. Бүгінгі 
күнге  дейін  отбасы  тәрбиесі  педагогиканың  бір  саласы  ретінде 
дамытылып,  әлеуметтік,  ізгіліктік  сипатта  болып  келеді.  Отбасы 
мен  отбасының  ынтымақтастығы  үрдісінде  ата-аналарды  оқу 
орынының  оқу-тәрбие  үрдісіне  қатыстыру,  ағарту  жұмыстары 
ұйымдастырылады. 
Я.А.Коменский  да  ӛзінің  «Ұлы  Дидактика»  еңбегінен  кейін  ӛз 
еңбектерін  отбасы  тәрбиесіне  арнаған  «Ана  мектебі»  оқулығын 
жазады.  Содан  кейін  И.Г.Песталоцци  отбасы,  оның  білім  алушы 
тәрбиесіндегі 
мүмкіншіліктері 
жайында 
бірнеше 
әдеби-
педагогикалық  шығармаларын  жазады.  Осылайша,  педагогика 
әрдайым отбасыға, оның тәжірибесіне сүйене отырып дамытылады. 
Орыс  педагогикасында  бұл  дәстүр  жалғастырылады.  Мысалы, 
К.Д.Ушинскийдің 
шығармашылығын 
алатын 
болсақ, 
ол 
тәрбиеленушінің тәрбиесі мен оқытылуы ана тілінде жүргізілуі тиіс 
деген.  Халықтың  мәдениеті,  тарихы  жайында  оқулықтар 
мазмұнына енгізген.   
Зерттеушілер ӛз жұмыстарында (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, 
М.Жұмабаев) отбасы тәрбиесінің ӛзекті мәселелерін белгілейді: 
1. Қоғамдағы ӛзгерістердің отбасы ӛміріндегі кӛрініс. 
2. Жеке меншіктік мәселесі. 
3. Адамды адамның қанауы. 
4. Білім алушылар құқығы. 
5.  Білім  алушы  тәрбиесіндегі  ананың  немесе  әкенің 
басымдылығы және т.б. 
«Ел  болам  десең  бесігіңді  түзе»,  –  деген    М.Әуезовтың  аталы 
сӛзі  отбасы  тәрбиесінің  маңызын  айқындайды,  ӛркениетті  даму 
жолындағы  қоғам  алдымен  білім  алушыны  отбасына  жан-жақты 
қамқорлық  жасап,  оның  мәртебелік  орнын  жоғарғы  деңгейге 
кӛтеруге тырысады.  


 
363 
Отбасы  –  ӛзара    жауапкершілік  пен  ӛзара  кӛмек  беруге,  ортақ 
тұрмыстық  жағдайға,  некеге  немесе  туысқандық  байланыстарға 
негізделген  кіші  топ,  онда  жұбайлары,  ата-аналары  мен  білім 
алушылары,  білім  алушылардың  арасындағы  ӛзара  әрекеттесуді 
реттейтін  нормалар  мен  ережелер  жасалады.  Отбасы  жас  ұрпақты 
әлеуметтендірудің маңызды институты. Білім алушы дамуының қай 
жағын алсақ та, оның тиімділігі отбасыға тәуелді. Отбасы адамның 
дене  және  эмоционалдық  дамуын  қамтамасыз  етеді,  білім 
алушының  психологиялық  жынысының  қалыптасуына  әсер  етеді, 
білім  алушының  ақыл-ойының  дамуында  ерекше  орынға  ие, 
сонымен қатар білім алушының оқуға кӛзқарасын қалыптастырады. 
Отбасы әлеуметтік нормаларды әсіресе отбасы рӛлдерін орындауға 
қажет  нормаларды  меңгертуде  елеулі  орынға  ие.  Отбасыда 
әлеуметтік  және  ұлтаралық  қарым-қатынастардан    кӛрінетін, 
адамның  ӛмір  сүру  бағытын,  мақсатын,  жоспарын,  іс-әрекет 
тәсілдерін 
анықтайтын 
негізгі 
құндылықты 
бағдарлары 
қалыптасады.  Отбасы  адамның    әлеуметтік  даму  үрдісінде  үлкен 
орын алады. Себебі отбасының қолдауы, мақұлдауы, қабылдамауы 
адамның ортасына бейімделуіне кӛп әсерін тигізеді. 
Отбасы  тәрбиесі  –  білім  алушыны  жан-жақты  дамыту 
мақсатындағы  ата-аналар  мен  отбасының  басқа  да  мүшелерінің 
білім  алушыларға  әсер  етуі.  Отбасы  тәрбиесінің  мазмұны,  сипаты, 
нәтижесі  тұлғалық  ресурстарға  байланысты.  Тұлғалық  ресурстар, 
бір жағынан, отбасы құрамымен (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы 
және  т.б.)  анықталса,  екінші  жағынан,  отбасыдағы  ересек 
адамдардың  денсаулығының  күйімен,  білімділік  деңгейімен, 
қызығушылықтарымен,  құндылықты  бағыттарымен,  әлеуметтік 
мақсаттарымен де белгіленеді. Отбасы тәрбиесінің маңызды сипаты 
ретінде  ондағы  қарым-қатынас  стилі  танылған,  яғни  отбасыдағы 
ересек  адамдардың  білім  алушылармен  ӛзара  әрекеттесу  тәсілдері 
мен сипаты. Олар: авторитарлы (ӛктем), демократиялық, либералды 
стильдер болуы мүмкін. 
Қоғам  дамуында  отбасы,  оның  сипаты,  ондағы  психологиялық 
ахуал  ӛзгерістерге  ұшырап,  оның  түрлі  (жақсы,  жаман)  жақтары 
шыға  бастады.  Мысалы,  тірі  жетімдердің  пайда  болуы, 
маскүнемдік,  нашақорлық,  оралмандар  отбасысы,  аз  қамтылған 
отбасылар  және  т.б.  Бұл  құбылыстардың  барлығы  отбасының 
тәрбиелік әсерін ӛте тӛмендеу салдарынан болуда. Бұның нәтижесі 


 
364 
–  ажырасқан  отбасылар  санының  кӛбеюі.  Ал  азап  шегетіндер  – 
білім алушылар.  
Ата-аналармен,  білім  алушы  отбасымен  байланыс  орнату 
педагогтің  ең  басты  міндеті.  Педагогтің  отбасымен  байланыс 
орнатудың 
бірқатар 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктеріне тоқталған орынды. 
Бірінші  ереже:  Оқу  орыны  мен  педагогтың  отбасымен  және 
жұртшылықпен  жүргізетін  жұмысының    негізі  ата-аналардың 
беделін кӛтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Педагогтың ақыл 
үйретушілік,  кӛсемдік  сӛз  саптауы,  ӛкпе,  реніш,  ыңғайсыздыққа 
негіз болады. «Міндетті», «қажетті» деген  үзілді-кесілді сӛздерден 
соң  ата-ананың  кеңес  сұрауға  деген  ынтасы  жоғалады.  Ата-
аналардың  кӛпшілігі  ӛз  міндеттерін  жап-жақсы  түсінеді,  бірақ 
тәрбие  практикасында  ӛз  білгенін  кӛңілдегідей  қолдана  алмауы 
мүмкін.  Сондықтан  оларға  не  істеу  керек  екендігімен  бірге  қалай 
істеу  керек  екендігін    білу  де  маңызды.  Педагог  мен  ата-ананың 
арасындағы  бірден-бір  дұрыс  норма  –  ол  бірін-бірі  құрметтеу. 
Осындай  жағдайда  білім  алушы  тәрбиесін  қадағалау,  тәжірибе 
алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да 
қанағаттандыратын  формаға  ауысады.  Бұндай  қатынастың 
маңыздылығы сол – педагог пен ата-аналарды жеке жауапкершілік, 
азаматтық  парыз,  ӛзіне  деген  талапшылдық  дамып  нығаятын 
болады. 
Екінші  ереже:  Ата-ананың  тәрбиелік  мүмкіндіктеріне  сенім 
арту,  олардың  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейін  кӛтеру 
тәрбиелік  белсенділігін  арттыру.  Ата-аналар  психологиялық 
жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға 
дайын.  Тіпті  педагогикалық  дайындығы,  жоғарғы  білімі  жоқ  ата-
аналардың  ӛзі  білім  алушы  тәрбиесіне  терең  түсінікпен  және 
жауапкершілікпен қарайды. 
Ҥшінші  ереже:  Отбасының  ӛміріне  орынсыз  араласуға  жол 
бермейтін  педагогикалық  әдеп.  Педагог  –  ресми  тұлға.  Ол  ӛз 
қызметі  аясында  кӛп  жағдайда  қаласа  да,  қаламаса  да  отбасының 
ӛзгелерден  «жасыратын»  құпия  сырларына  куә  болуы  мүмкін. 
Жақсы  педагогсі  отбасы  үшін  бӛтен  емес,  қайта  ата-аналар  одан 
кӛмек  күтіп  сенім  сыр  айтады,  ақылдасады.  Сондықтан  отбасы 
қандей  болса  да,  ата-аналар  қандай  тәрбиеші  болса  да  педагог 
барынша  әдепті  болуы  тиіс.Ол  отбасы  туралы  барлық  білімін  ата-


 
365 
аналардың  тәрбие  ісіне  кӛмектесуге,  ізгі  ниетті  орнықтыруға 
жұмсауы керек. 
Тӛртінші  ереже:  Тәрбие  мәселелерін  шешуге  ӛмірге  құштар, 
кӛтеріңкі  кӛңіл  күйді  басшылыққа  алу,  жеке  тұлғаның  табысты 
дамуына  бағыт  ұстау,  білім  алушының  жағымды  қасиеттеріне, 
отбасы  тәрбиесінің  күшті  жақтарына  сүйену.  Тәрбиеленушінің 
мінезін  қалыптастыру  қиындықсыз,  қайшылықсыз  және  оқыс 
оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде 
қабылданса  (білім  алушы  мінезінің  тұрақсыздығы,  соқтықпалы 
сипаты  т.б)  онда  қиындық,  қайшылық  және  күтпеген  нәтиже 
педагогты 
әбіржітпеуі 
тиіс. 
Қалыптасқан 
педагогикалық 
міндеттерді  шешудің  ондаған  тәсілдері  болғанымен,  солардың 
біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан 
педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға 
тиімді  ықпал  жасайтын  жалпы  заңдылықтар  туралы  ғылым  деп 
қарау қажет.  
Отбасы  тәрбиесінің  әдістері:  сендіру,  түсіндіру,  ақыл-кеңес 
беру,  иландыру,  жеке  ӛнеге,  мадақтау,  сыйлық,  мақтау,  жазалау, 
білім  алушылар  үшін  қызықты  перспектива,  достықтан  бас  тарту, 
рахаттылыққа  рұқсат  бермеу.  Отбасында  тәрбиелік  міндеттерді 
шешуде әр түрлі құралдар бар: сӛз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй 
тұрмысы,  ұлттық  салт-дәстүр,  қоғамдық  пікір,  отбасының  рухани 
және  моральдық  ахуал,  күн  тәртібі,  әдебиет,  спорт  мейрамдары, 
символ, атрибуттар және т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет