144
ұстанумен бірігуі керек. Д.И.Менделеевтің дәрістері тап осы
қасиеттерге ие болған.
Дәрістің артықшылығы:
1. дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық
қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен бірге айналысу,
эмоционалдық ӛзара әрекеттесу;
2. дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді
тәсілі;
3.
дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда
студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс жүргізушінің мақсаты – студенттердің
белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Соңғы
кезде кредиттік жүйе бойынша студенттерге оқытушыларды таңдау
еркі берілген. Бұл оқытушының дәріс оқу шеберлігін арттыру
проблемасын алға қояды.
Кӛп оқытушылардың есептеуінше, дәріс жүргізушінің міндеті –
ӛз пәнін жақсы білу және оны анық түрде баяндау. Бірақ «анық
түрде баяндау» деген не? Бұл ӛте күрделі педагогикалық проблема
– бұл баяндаудың жүйелілігі, кӛрнекілігі, тыңдаушылардың
материалды саналы және белсенді түрде меңгеруі, нәтиже ретіндегі
түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: