Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет84/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203
Әдебиеттер тізімі. 
Қосымшалар. 
 
Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  ірі  формасы  - 
дипломдық  жұмыс.  Дипломдық  жҧмыс  –  белгілі  бір  пәндер 
бойынша  жүргізілетін  зерттеу  жұмысы.  Дипломдық  жұмысының 
тақырыбы  ӛзекті  мәселеге  арналады.  Дипломдық  жұмыс  ӛзіндік 
ғылыми зерттеу нәтижесі мен әдістерін кешенді түрде қолданғанда 
ғана  белгілі  болуы  мүмкін.  Сондықтанда  дипломдық  жұмыстың 
ғылыми деңгейі курстық жұмыстан жоғары тұрады. Басқа жағдайда 
олар  магистрлік  дисертацияның  бір  бӛлігі  болып  қалыптасады. 
Диплом жұмысына бір қатар талаптар қойылады. 
Дипломдық жҧмыстарды орындау әдістемесі 
Диплом  жұмыстарының ғылыми  жетекшілері әдістерді жоғары 
жүйелеу  мақсатында  ӛз  жұмыстарын  міндетті  түрде  белгілі 


 
176 
жылдамдыққа жеткізіп отыру керек. Бірінші кезеңде жетекші нақты 
тақырыптың  мақсатын,  гипотезасын,  негізгі  кезеңдерін,  зерттеу 
әдістері  мен  кӛздерін  таңдауда  білім  алушыға  кӛмектеседі. 
Дипломдық  жұмысты  орындауда  жетекші  шектелген  уақыттың 
ӛзгергенін  ескере  отырып,  студентке  тиімді  жолдарды  таңдауға 
кӛмектеседі. 
Дипломдық  жұмысты  жазған  жағдайда  студент  жұмысында 
жеке  үйлесімдер  болуы  керек,  әсіресе  оқуға  дайындық,  қабілет, 
оның  дербестік  деңгейі,  инициативалары.  Ғылыми  жетекшіден 
кеңес  алуға  кездесуге  кесте  құру  керек.  Студент  ӛзіне  жүктелген 
үлкен жұмыстарды белгілеуі қажет, ғылыми жетекшілер белгілеген 
жоспар қорытындыларынан ақпарат беріп отыруы керек. 
Білім  алушының  дипломды  орындау  барысында  жетекші  әрбір 
кезең  қорытындыларын,  оның  дербестік  зерттеу  жұмыстарын 
тексереді,  дипломанттың  алдағы  іс-әрекеттерінің  мазмұны  туралы 
нақты  жарғы  береді,  кейін  бӛлім  бойынша  жай  жазған  қағазды 
оқиды,  олардың  қайта  жұмыстауына  кеңес  береді,  әрбір  кезеңнің 
қорытындысы  бойынша  студенттің  жұмысын  талқылайды. 
Кезеңнің  соңында  ғылыми  жетекші  қолмен  жазып  аяқтаған 
мәліметтерді  тексереді,  жұмысқа  шақыру  қағаздарын  құрады, 
кафедра  мен  оқу  кеңесінің  факультетіне  дипломды  қорғауға 
дайындығын жариялайды. 
Жоғары  оқу  орындарында  дипломдық  жұмысты  қорғау  кезеңі 
келесі талаптар бойынша белгіленеді: 
- аяқталған  дипломдық  жұмысқа  студент  қолын  қояды  және 
жетекшіге ұсынылады. Ол қарап болғаннан кейін ғылыми жетекші 
ӛзінің  жазу  бӛлімімен  бірге  дипломды  кафедра  меңгерушісіне 
ұсынады; 
- жұмысты  қорғау  үшін  жасалған  мінездеме  болу  керек. 
Жетекшілері  осы  мәліметтің  негізіне  сүйене  отырып,  жұмысты 
қорғауға  болатындығы  туралы  шешеді,  осы  бойынша  дипломдық 
жобаға сәйкес келетін жазуларды жасайды
- қорғауға 
ұсынылған 
дипломдық 
жұмыс 
декандарға 
рецензиялауға  жіберіледі.  Рецензиялаушы  құрамы  кафедра 
меңгерушісінің  ұсынысы  бойынша  оқытушылармен  анықталады. 
Рецензияға ӛндіріс мамандары және ғылыми мекемелердің, жоғары 
оқу  орындарының  немесе  басқа  мекемелердің  профессорлары 
ұсынылады, егер олар осы кафедрада жұмыс жасамайтын болса


 
177 
- декан  рецензияға  сәйкес  келетін  кафедра  меңгерушісімен 
таныстырады,  диплом  қорғаушы  студентті  және  дипломдық 
жұмысты қорғау үшін МЕК рецензиясына бағыттайды. 
Дипломдық  жұмыс  қорғалғаннан  кейін  оқу  мекемесінің 
мұрағатына сақтауға тапсырылады. 
Дипломдық  жұмысты  қорғағанда  тақырыптың  ӛзектілігі, 
мазмұны  ескеріліп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  зерттеу 
жұмысының  нәтижесі,  студенттердің  ғылыми  конференцияға 
қатысуы  ескеріледі.  Ғылыми  жетекші  диплом  қорғаушыға 
зерттеудің нәтижесін іс-жүзінде асыруға кӛмектеседі. 
Жетекші  дипломды  қорғау  кезінде  қатысып,  оның  сапалы  да 
қазіргі  заман  талабына  сай  орындалуына  жауап  береді.  Бірақта 
қандай  жағдай  болмаса  да  дипломант  студенттің  жауапкершілігі 
алынбайды. Дипломдық жұмысты басшылыққа алғанда педагогика 
және әдістемелі үйрету кезінде белгілі бір қиындықтар кездеседі.  
Студенттің жұмысын 2 ғылыми жетекші басқарады - педагогика 
және  әдістеме  кафедрасының  педагогтары.  Кейбір  жағдайда 
кеңестер  мен  психология  маманы  қажет  болады,  іс  жүзінде  кей 
жағдайда  ғылыми  жетекшілердің  арасында  келіспеушіліктер 
болады.  Бұл  қиындықтардан  құтылу  үшін  келесі  ұстанымдарды 
ескеру  қажет:  диплом  қорғайтын  студентке  кеңес  бермес  бұрын, 
ғылыми  жетекшілер  мәселенің  бағытын,  зерттеу  пәнін,  сол 
мәселені  шешу  кезінде  қандай  жоспар  шешілуі  мүмкіндігін, 
әдістемелік негіз барысында психологиялық, педагогикалық қандай 
теориялар болуы мүмкіндігін алдын-ала келісіп алуы қажет. 
Әдістемені  оқыту  бойынша  курстық  жұмыс,  кейін  дипломдық 
жұмыста  жүргізілген  зерттеуді  жалғастыру  және  аяқтау  болып 
табылады.  Егер  студент  дипломдық  жұмыстың  тақырыбын  бітірер 
алдында  қарастыратын  болса,  ғылыми  жетекшілер  дипломдық 
жұмыстың  жалпы  жоспарын  құруға  кӛмектеседі.  Дипломдық 
жұмысты  аяқтар  кезінде  ғылыми  жетекшілер  дипломдық 
шығарманы тексереді және қорытынды жасайды.  
Осы  уақытқа  дейін  курстық  және  дипломдық  жұмыстарға 
байланысты  талаптар  педагогикалық  пәндерге,  яғни  ғылыми-
зерттеу  әрекетінің  осы  түрлеріндегі  дайындығы  және  жетекшілігі 
әдістердің  педагогикалық  әдебиеттерде  жеткілікті  дәрежеде  емес 
екендігін  кӛрсетеді.  Курстық  жұмысты  жазу  үлгісі  студенттердің 
ғылыми-зерттеу  әрекетінің  кейбір  қателіктерін  атап  кӛрсетеді. 


 
178 
Студенттер  оқу  жоспары  бойынша  жоғары  оқу  орнындағы  оқыған 
жылдары 3-4 курстық жұмыс дайындайды.  
Педагогикалық  жоғары  оқу  орнындағы  дипломдық  жұмыстағы 
жетекшіліктің  кейбір  кемшіліктері  бар.  Дипломдық  жұмыстар 
бүгінгі  күнге  дейін  оқу  үрдісіндегі  негізгі  орынды  алмайды.  Бірақ 
студент  дипломдық  жұмыстың  жоспарымен  кӛп  жұмыстанады, 
теориясын меңгеруге байланысты ӛте мазмұнды қорытынды күтуге 
болады,  практикалық  ӛзара  байланыс  ғылыми-педагогикалық 
зерттеудің әдістерін және үрдістерін игереді.  
Психологиялық-педагогикалық  тәртіпті  тӛменгі  курстарда 
студенттер әдебиет кӛздерінен, педагогикалық бақылау әдістерінен, 
әңгімелесулерді ӛткізумен, сауалнама, тест ӛткізу кезінде үйренеді. 
Олар  ӛз  әрекеттеріндегі  объекті  –  білім  жүйесін  педагогикалық 
үрдісте  үйренеді.  Тәжірибе  кӛрсеткендей,  дипломант  үшін 
қиыншылық  оның  таңдап  алған  проблемасын  зерттеудегі 
әдіснамалық  негіздер  болып  табылады.  Сондықтанда  ғылыми 
жетекші  дипломанттармен  кеңесуді,  олардың  тақырыбына 
байлалыста  әдіснамадағы  белгілі  сұрақтар  бойынша  жүргізеді. 
Ғылыми  жетекшінің  басшылығы  бойынша  студенттер  зерттеу 
әдестемесі  мен  процедурасын  игереді.  Студенттің  аяқталған 
жұмысының  нәтижесі  саналы  болуы,  оның  жазу  кезіндегі 
әзірлігінің  кезең  бойынша  жүруінде  екеніне  кӛзін  жеткізу  қажет. 
Сондықтанда  студентпен  біріге  отырып,  оның  дипломандық 
жұмысының жүйелі ғылыми болуын қадағалау керек.  
Дипломдық жұмыста студенттердің жан-жақты ғылыми әрекеті 
–  кешенді  түрде  әдеби  кӛздерге  теориялық  анализ  жасау, 
педагогикалық  тәжірибені  беру  оқу  орыны  практикасына  ғылыми 
әдістемелік нұсқауды енгізу, зерттеу нәтижесін ӛңдеу. 
Дипломның  ғылыми  деңгейі  кӛбіне  диплом  жазушының  қиын 
болмаса  да,  бір  ғылыми  педагогикалық  зерттеудің  басқа 
әдістерімен  эксперимент  жасауына  тәуелді.  Бұдан  шығатыны 
педагогика  курсының  педагогикалық  эксперименттер  нәтижесіне 
студент ерекше мән береді.  
Дипломдық жҧмысты орындау әдісі. 
Дипломдық  жұмыс  ӛзіндік  ғылыми  зерттеу  нәтижесі  мен 
әдістерін  кешенді  түрде  қолданғанда  ғана  белгілі  болуы  мүмкін. 
Сондықтанда  дипломдық  жұмыстың  ғылыми  деңгейі  курстық 
жұмыстан  жоғары  тұрады.  Басқа  жағдайда  олар  магистрлік 
дисертацияның бір бӛлігі болып қалыптасады.  


 
179 
Курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  орындауда  әдістеме 
бойынша мысалға келтірілген курстық және дипломдық жұмыстың 
процедурасы  мен  орындау  әдістемесі  әдістемелік  ұсыныстары 
жалпы  талаптың  мақсатын  қамтамасыз  етеді,  педагогтердің, 
студенттердің жұмыстарын, оларға кӛмектесу кезеңдерін қамтиды. 
Курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  орындауда  әдістеме 
бойынша мысалға келтірілген курстық және дипломдық жұмыстың 
процедурасы  мен  орындау  әдістемесі  әдістемелік  ұсыныстары 
жалпы  талаптың  мақсатын  қамтамасыз  етеді,  педагогтардың, 
студенттердің жұмыстарын, оларға кӛмектесу кезеңдерін қамтиды. 
Курстық  және  дипломдық  жұмысқа  деген  негізгі  нормативтік 
талаптарға 
негіз 
болып 
табылатын 
құжат 
Қазақстан 
Республикасының  білім  берудің  ұлттық  моделдерін  құру  және 
қалыптастырудан шығады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет