Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет24/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

педагогтардың  ролінің,  сонымен  қатар,  білім  беру  мазмҧнының 
ӛзгеруі; 

 
Педагогтардың  бойында  ӛз  әрекетін  интеллектуалдық 
тұрғыдан  қамтамасыз  ететін  жаңа  қҧзыреттіліктерін  дамыту 
қажеттігі


 
63 

 
Қазіргі  заманда  ӛмір  сүру  барысында  кез  келген  адамның 
қҧзыреттік сапаларын  бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін 
түсіну; 

 
Бүгінгі  білім  берудің  жекеленуге  бағытталуы,  яғни,  әрбір 
білім алушы педагогтар мен тьюторлардың кӛмегімен, ӛзіндік білім 
алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі; 

 
Педагогикалық  жүйелерді  басқарушылардың  қатарында  жаңа 
проблемаларды  шеше  алатын,  ойлау  мен  инновациялық  әрекет 
етудің  жаңаша  ҥлгілерін  жасай  алатын  адамдар  болуын  қажет 
етуі;  

 
Ғылыми 
білімнің 
мектептегі 
сабақ–сыныптық, 
университеттердегі  дәрістік–семинарлық  формада  жаттанды 
тҥрде берілуін ӛзгерту қажеттігі. 
Білім  беру  мазмҧны  –  педагогикалық  бейімделген  білімдердің, 
іскерліктердің  және  дағдылардың  жүйесі,  шығармашылық  іс-
әрекеттің  тәжірибесі  және  дүниеге  деген  эмоционалдық-
құндылықтық  қатынас,  оларды  меңгеру  тұлғаның  дамуын 
қамтамасыз  етеді.  Білім  берудің  мазмұны  білім  алушыларды 
әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуын қамтамасыз етеді. 
Әрбір  индивидтің  дүниеге  деген  қатынасын  ондағы  ӛз  орнын 
анықтауды  азаматтық  позициясын  шарттандыратын  дүниеге 
кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.  
Дәстүрлі  педагогика  адамның  әлеуметтік  мәнін  ғана 
мойындайды,  одан  білім  беру  мақсаты  болып  әлеуметтік  маңызды 
сапаларды  қалыптастыру,  адамның  қоғам  мүшесі  ретінде  дамыту 
келіп  шығады.  Білім  берудің  тұлғалық-бағдарлы  мазмұны  тұтас 
адамның  дамуына  бағытталған:  оның  табиғи  қабілеттерін 
(денсаулығын,  ойлау,  сезіну,  әрекеттену  қабілеттері);  оның 
әлеуметтік  қасиеттерін  (азамат,  жанұя  қожайыны,  еңбекқор  болу) 
және  мәдениет  субъектісінің  қасиеттерін  (еркіндігін,  ізгіліктілігін, 
руханилығын,  шығармашылығын).  Мұнда  әрі  табиғи,  әрі 
әлеуметтік, әрі мәдени бастауларды дамыту жалпыадамзат, ұлттық 
және аймақтық құндылықтарға ие білім беру мазмұны контекстінде 
жүзеге асады 
Білім  берудің  тҧлғалық-бағдарлы  мазмҧны  педагогикалық 
білім  беруді  үш  ӛзара  байланысты  және  ӛзара  толықтырушы 
бағыттарды  қарастырады.  Бірінші  бағыты  педагогикалық  білім 
берудегі  пәндік  дайындықтың  орны  және  ролін  қайта 
ойластырумен  байланысты.  Алдыңғы  қатарлы  парадигмаларға 


 
64 
қарағанда  педагогикалық  білім  беру  («Ӛз  пәнінді  біл  және  оны 
анық айт», «Оқыту әдістемесін біл және оған мүлтіксіз бағын») бұл 
тұжырымдама «Оқушыны дамыту тәсілі ретінде оқыту пәнін жаса» 
парадигмасын  ұсынады.  Екінші  бағыты  студенттің  ӛзіндік  оқу 
әрекеті  және  оның  тұлғалық  педагогикалық  ұстанымының  құрылу 
қажеттілігі  арасындағы  қарама-қайшылықтарды  жеңу  жолдарын 
қарастыру.  Білім  беру  мазмұнында  берілген  қарама-қайшылықты 
шешу мүмкіндіктері түрлі рефлексия формаларының құрылуы, оқу 
формаларын  құрастыру,  біртұтас  білім  беру  үдерісі  ретінде 
байланыстыратын  (жеке  оқу  іс-әрекеті),  сондай-ақ  оның  түсінуі 
және зерттеу жұмысы. Үшінші бағыт педагогикалық білім берудің 
түрлі  сатыларында  оқытушының  іс-әрекетінің  ӛзгерісін  талап 
ететін  мазмұн:  педагогикалық  технологияларды  және  білімді 
«таратушыдан» 
«шебер» 
жұмысына 
дейін, 
студенттерде 
педагогикалық  қабілеттерді  қалыптастыру  мақсатында  біріккен  іс-
әрекетті  ұйымдастыру,  «кеңесші»  ұстанымына  дейін,  студентпен 
біріге отырып оның болашақ кәсіби іс-әрекетін жобалау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет