Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет39/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   203
Байланысты:
педагогика оқыту әдіст

Кӛрнекілік тҥрлері:  
-  табиғи  кӛрнекілік  білім  алушыларды  нақты  объектілермен 
(ӛсімдіктермен,  жануарлармен,  минералдармен)  таныстыруды 
талап етеді; 
- эксперименттік кӛрнекілік арқылы білім алушылар химиядан, 
физикадан тәжірибелер жасайды;  
-  суретті  кӛрнекіліктің  мақсаты  -  нақты  дүниенің  бейнесін 
кӛрсету  (бейнесурет,  картина,  диафильм,  диапозитив,  мылқау 
кинофильмдер); 
-  кӛлемді  кӛрнекілік:  макет,  үлгі,  муляж,  геометриялық 
фигуралар, панорама;  
-  дыбыстық  кӛрнекіліктер:  күйтабақтар,  ұнтаспаға  жазылған 
материалдар, т.б.; 
-  таңбалық  және  графикалық  кӛрнекілік:  абстракты  ой 
дамуына  кӛмектеседі,  себебі  болмысты  шартты  белгілермен 
белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма;  
- жанама кӛрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол 
туралы түсінік қалыптастыру.  
Білім  алушылар  білімінің  беріктігі  принципі.  Бұл  принципте 
мына  заңдылықтар  бар:  білім  мазмұны  және  білім  алушылардың 
танымдық  күштерін  дамыту  оқыту  процесіндегі  бір-бірімен  ӛзара 
байланысты  бӛліктер;  оқу  материалын  түсініп  есте  сақтау  оның 
мазмұнына, білім алушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, 
педагогқа байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, 
оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт 
әсер  етеді.  Білім  алушы  есінде  қалуға  тиісті  материалдарды 
таңдайды,  сондықтан  оның  есінде  оған  пайдалы  және  қызықты 
білімдер ғана жақсы сақталады.  
Шарттары: қазіргі оқытуда естен гӛрі интеллектіге баса назар 
аударылады. Сондықтан білім алушылардың күшін құндылықтары 
аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу 
материалдарын  сақтауға  болмайды,  ол  ақыл-ойға  зиян  келтіреді; 
дұрыс  қабылданбаған,  түсініксіз  нерселердің  есте  қалып  қоюына 
жол  бермеу.  Білім  алушы  тек  саналы  меңгерілген,  түсінікті 
материалды  ғана  есінде  сақтау  керек;  әр  түрлі  анықтамалық 
әдебиеттерді,  сӛздіктерді,  энциклопедияларды  қолдануға  үйрету; 
есте  сақталу  керек  материалдар  ӛте  кӛп  болмау  керек,  педагогтің 
қандай  білімдер  есте  сақталу  керек  екенін  анықтауы;  оқытудан 
кейін  білімді  ұмыту  басталады,  сондықтан  қайталаудың  уақыты 


 
93 
және  жиілігі  үмыту  туралы  психологиялық  теорияларға  сәйкес 
белгіленеді;  жаңа  материалды  оқып  болған  соң  қайталауды  кӛп 
жүргізу  керек,  содан  кейін  қайталау  азаяды,  бірақ  оны  тоқтатуға 
болмайды; әр білім алушыны ӛз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-
жігерімен  жұмыс  істеуге  үйрету.  Жалқаулықпен  күресу; 
қызығушылықты  қалыптастырмай  тұрып,  жаңа  материалды  оқып-
үйренуді  бастамау;  оқу  материалын  жүйемен  беру;  егер  оқыту 
қарқыны тӛмендесе, онда бірден себебін анықтау.  
Кӛп  кездесетін  себептер:  оқу  процесіне  қызығушылықтың 
тӛмендеуі  және  шаршау.  Оларды  жою  жолдарын  іздестіру; 
тапсырмалар  және  нұсқауларды  кӛп  бермеу.  Білім  алушыларды 
ақыл-кеңесті  тыңдауға  үйрету.  Ӛте  қызықтысын  салмақтап 
айтықыз.  Әзіл-сықақ  айтуға  болады,  бірақ  шамадан  аспаған  жӛн; 
ӛзара  оқытуды  кең  қолданып,  оны  бағыттау.  Ӛзара  оқыту  педагог 
қалыптастыра  алмайтын  сапаларды  қалыптастырады;  білім 
алушыларды  оқу  материалын  есте  сақтай  білуге  үйрету.  Ол  үшін 
есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді 
есте сақтауға кӛмектесетін принциптер мен тәсілдердің жиынтығы) 
тәсілдерді  қолдану;  білім  алушының  жағымды  әсерін  туғызбай 
тұрып,  жаңа  білім  беруді  бастамау.  Жазалау  әдістерімен  берілген 
білім  берік  болмайды;  қайталау  және  бекіту  кезінде  білім 
алушылардың  естерін,  ақыл-ойларын,  сезімдерін  жұмыс  істетіп, 
білімдерін  тереңдетіп,  жаңа  мысалдар  келтіріп,  қорытындыларды 
нақтылау;  оқыту  қисындылығын  қадағалау.  білім  алушының  оқу 
материалына  деген  он  кӛз  қарасын  қалыптастыру;  жаттығулар 
санын, орындалатын  мерзімін белгілеу; оқыту  нәтижелерін жүйелі 
түрде тексеру және бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет