Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет173/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   257
255
ҚОРЫТЫНДЫ
• Кез келген корпоративтік желінің негізгі міндеті қажет ақ-
паратты пайдаланушыға қай жерде болса да жəне барынша өте 
қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Ақпаратты қорғау 
жүйесі корпоративтік желінің негізгі қызметін – қызметтік ақ-
паратты уақытында айырбастауды тиімді орындауға мүмкіндік 
туғызады. Кез келген корпоративтік желінің базисі жалпыжүйелік 
бағдарламалық қамтамасыздандыру болып табылады, оның 
құрамында əртүрлі амалдық жүйелер, бағдарламалық қабықтар, 
жалпы қызметтік бағдарламалар, мəтіндік процессорлар, редак-
торлар жəне интегралданған бағдарлама дестелері, деректер ба-
засын басқару жүйелері болады.
•  Корпоративтік желінің пайдаланушысы деп белгіленген 
тəртіппен тіркелген адамдарды (ұйымдарды) түсінеміз, оларға 
желіде нақты қатынау өкілдіктері үлестіріліп беріледі. Пайдала-
нушы өз өкілдіктері шеңберінде жалпыжүйелік жəне қолданбалы 
бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланып, тек рұқсат 
берілген іс-қимылдарды жүзеге асыра алады.
•  Корпоративтік желіні əртүрлі аппараттық-бағдарламалық 
ішкі жүйелерден тұратын жүйе түрінде көрсетуге болады, мұнда 
басқарушының жұмыс орны, қашықта орналасқан жұмыс орны, 
жүйе қауіпсіздігі əкімшісінің жұмыс орны кіреді, бұлардың 
əрбіреуі біршама тəуелсіз болады. 
• Əртүрлі əдістермен ақпаратқа қауіпсіздік қауіптерінің теріс 
əсерін азайтуға болады. Осы əдістердің ішінен төрт негізгі топты 
бөлуге болады: ұйымдастыру əдістері; инженерлік-техникалық 
əдістер; техникалық əдістер; бағдарламалық-аппараттық əдістер.
• Корпоративтік ақпараттық жүйелер ақпаратты автоматтан-
ған өңдеуді жүзеге асыратын бөліктенген компьютерлік жүйеге 
жатады. Корпоративтік желіні (КЖ) жасауда жəне жаңартуда өз 
КЖ ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесін жасау жəне жаңарту 
қамын ойлау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет