360
Қорғау деңгейлері санының көбеюі жүйенің қорғалу дəрежесін
арттырады.
Кілттің біреуі қорғаудың қарапайым құралынан кілт алуға, ал
екіншісі бағдарламаны дешифрлауға немесе жүйеде жасырыл ған
үшінші кілтті алуға пайдаланылады.
Қорғаудың қосымша дең-
гейлері көшіру процедурасын өте қиындатады.
Кілт пайдаланушыны сəйкестендіру үшін пайдаланылады.
Пай
даланғаннан кейін кілт жиналады, ал компьютерге басқа
пайдаланушылар қатынауға мүмкіндік туады. Қызметкерлердің
рұқсаттық өкілдіктерінің деңгейін əртүрлі қорғау кілттерінің
көмегімен қамтамасыз етуге болады.
Мұнда электрондық қорғау
құралдарына мынандай талаптар қойылады:
• қорғау кездейсоқ көшірмені алғызбайды жəне ниеттелген
қатынаудан қорғайды;
• кілт көшірмесін алуға мүмкіндік бермейді;
• қорғау, жүйенің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасамауы
немесе басқа бағдармалық құралдарды
пайдалануды қиындатпауы
керек;
• əртүрлі қорғау кілттері бар бағдарламалық құралдарды бір
уақытта пайдалануға мүмкіндік жасау керек. Бірақ, мұнда қорғау
əдістерінің бірде біреуі абсолюттік сенімді болмайтынын есте
сақтау қажет.
ЭҚҚ-ны мынандай түрлерге сыныптауға болады:
Белсенді ЭҚҚ энергияны пайдаланатын жəне құрамдас ло-
гикасы бар, əдетте, микросызбалар болып табылады. Мысалы,
қазіргі заманғы ЭҚҚ бірі ЭҚҚ бөлігі
ретінде таймердің стан-
дарттық кристалын пайдаланады. Құлыптың болуының тесті
таймерді іске қосу болып табылады, содан кейін берілген уақыт
аралығы арқылы оның көрсетімі оқылады,
олар ЭҚҚ қосылғанда
ғана дұрыс болады. Бұл жалғыз кілтті пайдаланатын бірдеңгейлік
қорғау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: