Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Субъекті деңгейін төмендету моделі



Pdf көрінісі
бет78/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   257
Субъекті деңгейін төмендету моделі.
Бибаның екінші моделі төменнен оқу ережесін шамалы əлсі-
рету болып табылады. Тұтастықтың мандаттық моделі субъек -
тілерге тұтастығы аса төмен объектілерден ақпаратты жо 
ғары 
тұтастықпен оқуға мүмкіндік берілмейді.
Бұл ереже, тұтастығы төмен объектіден алған ақпарат субъ-
ектінің тұтастығын бұзбайтынына кепілдік береді. Бірақ, субъек-
ті деңгейінің төмендеу моделіне оған төменнен оқуды жүзеге 
асыруға рұқсат етіледі, бірақ осындай оқу нəтижесінде субъектінің 
тұтастығы объекті тұтастығының деңгейіне дейін төмендейді.
Тұтастығы жоғары субъектілер «таза» ретінде қарасты 
ры-
латыны осындай ережені енгізу үшін себеп болып саналуы 
мүмкін. Таза субъектіге тазалығы аздау көзден ақпарат келіп 
түскен уақытта, субъекті «бұзылады» жəне оның тұтастық деңгейі 
тиісінше өзгертілуі тиіс.
Субъектінің оқуына оның ешқандай шектеулер қоймайтыны 
осы модельдер сипаттамаларының бірі болып саналады. Егер, 
мысалы, объекті тұтастықтың аса төмен деңгейінде ешқашан 
ауысуға тиіс емес болса, онда бұл модельді пайдаланудың керегі 
жоқ, өйткені ол осыдан бұзуға əкелуі мүмкін. Егер бүкіл осы 
модель нақты жүйеде іске асырылса, онда олар орындалғанға 
дейінгінің алдында осындай операцияларды оқудың мүмкін сал-
дарлары туралы субъектіні ескертетін кейбір қосымша шаралар 
қабылдау қажет.
Сондай-ақ, модель субъектілер тұтастығы деңгейлерінің ақы-
рын өзгеруін білдіретінін де байқауға болады, яғни, субъектілер 
тұтастығының деңгейлері не өзгеріссіз қалады, не төмендейді. 
Басқалай айтсақ, субъектінің тұтастығы бұрынғысынша қалуы не-
месе нашарлауы мүмкін, өйткені модель субъекті тұтастығының 
деңгейін арттыру тетіктерін қарастырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет