239
Желілерде ақпараттарды қорғау құралдарын басқару жүйелері
мен желілерін басқарудың дəстүрлі жүйелерінің өзара əрекеттерін
ұйымдастыруда проблемалар бар. Осы проблемаларды шешу
үшін екі негізгі тəсілдеме қолданылады.
Бірінші тəсілдеме желілік немесе жүйелік басқару құралда-
рын қорғау құралдарын басқару тетіктерімен ықпалдастыру (ин-
теграциялау) болып табылады. Желілік жəне жүйелік басқару
құралдары, бірінші кезекте, желіні немесе ақпараттар жүйесін
басқаруға бағытталған, яғни дəстүрлі əрекеттер мен қызмет көр-
сетулерді: пайдаланушылардың есептік жазуларын басқа
руды,
қорлар мен оқиғаларды басқаруды, маршруттауды, өнім
ділікті
жəне т.б. басқаруды қолдайды. Бірқатар компаниялар - Cisco
Systems, Computer Associates, Hewlett Packard, Tivoli Sys
tems
қорғау құралдарын басқару тетіктерін желілерді басқарудың
дəстүрлі жүйелеріне ықпалдастыру (интеграциялау) жолымен
жүрді. Бірақ, осындай кешенді басқару жүйелері, жиі түрде
құ нының жоғарылығымен өзгешеленеді жəне мұнан өзге, қа-
уіпсіздікті басқарудың кейбір аспектілері осы жүйелер назарла-
рынан тыс қалады. Екінші тəсілдеме, қауіпсіздікті басқару мін-
деттерін ғана шешуге арналған құралдарды пайдалану болып
табылады. Мысалы, Open Security Manager (OSM), Check Point
Software Technologies-тен корпоративтік қауіпсіздік саясаты-
мен бір орталықтан басқару жəне бүкіл компаниялар бойын-
ша желілік құрылғыға оны инсталлирлеу мүмкіндігін береді.
OSM өнімі Check Point компаниясы əзірлеген OPSEC (Open
Platform for Secure Enterprise Connectivity) технологиялары-
ның негізгі құраушыларының бірі болып саналады, ол əртүрлі
пай
даланушылардың (мысалы, Cisco, Bay, 3Com) желілік қа-
уіпсіздігінің құрылғыларын басқару үшін интерфейс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: