173
• істен шығуды анықтау жəне локализациялау;
• қызметін бақылаудың сенімділігі;
• бақылаудың толықтығы (есептеу жүйесін қамту);
• істен шығуды анықтауды кешіктіру уақыты саналады.
Əдейі əсерлердің нүктелері, ең алдымен, жүйеге кірулермен
жəне ақпараттармен одан шығумен, яғни жүйенің «периметрімен»
байланысты. Осы кірулер мен шығулар заңды жəне заңсыз болуы
мүмкін, яғни есептеу жүйесіндегі ақпараттарға рұқсат етілмеген
қатынаудың арналары (нысандары):
• оларды заңсыз пайдалану кезіндегі бүкіл жоғарыда айтылған
штаттық құралдар;
• технологиялық пульттер жəне басқару органдары;
• аппаратураның ішкі монтажы;
• есептеу жүйелерінің аппараттық құралдары арасындағы
бай ланыс желілері;
• ақпараттардың жанама электрмагниттік сəуле алуы;
• есептеу жүйесінің аппаратурасына жақын орналасқан кө-
мек ші жəне бөтен коммуникацияларда, электрмен қоректену жə-
не аппаратуралардың жермен жалғанған желілерінде ақпарат тар-
ды жанама дəлдеулер;
• сыртқы байланыс арналары болуы мүмкін.
Бұзушының, ақпаратты жоғалтуға, түрлендіруге, онымен рұқ-
сат етілмеген танысуларға əкелетін заңсыз бұйрықтар, сұ раулар,
хабарлар мен бағдарламалар енгізуі, сондай-ақ бұзу шының жана-
ма электрмагниттік сəуле мен дəлдеу сигналдарын қабылдау жəне
бақылау жолымен құпия ақпараттарды ұстап алуы əдейі рұқсат
етілмеген əрекеттердің қауіптілігі болып табылады.
Компьютерді, шабуыл жасау объектілері болып саналатын құ-
рауыштар жиыны ретінде жаһандық немесе жергілікті желілер
құрамында қарастыра отырып, рұқсатсыз қатынаудың: жергілікті
(локалдық), қашықтан жəне иесіздендірілген құраушыларда ақ-
паратқа рұқсатсыз қатынау сияқты үш түрін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: