255 ҚОРЫТЫНДЫ • Кез келген корпоративтік желінің негізгі міндеті қажет ақ-
паратты пайдаланушыға қай жерде болса да жəне барынша өте
қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Ақпаратты қорғау
жүйесі корпоративтік желінің негізгі қызметін – қызметтік ақ-
паратты уақытында айырбастауды тиімді орындауға мүмкіндік
туғызады. Кез келген корпоративтік желінің базисі жалпыжүйелік
бағдарламалық қамтамасыздандыру болып табылады, оның
құрамында əртүрлі амалдық жүйелер, бағдарламалық қабықтар,
жалпы қызметтік бағдарламалар, мəтіндік процессорлар, редак-
торлар жəне интегралданған бағдарлама дестелері, деректер ба-
засын басқару жүйелері болады.
• Корпоративтік желінің пайдаланушысы деп белгіленген
тəртіппен тіркелген адамдарды (ұйымдарды) түсінеміз, оларға
желіде нақты қатынау өкілдіктері үлестіріліп беріледі. Пайдала-
нушы өз өкілдіктері шеңберінде жалпыжүйелік жəне қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланып, тек рұқсат
берілген іс-қимылдарды жүзеге асыра алады.
• Корпоративтік желіні əртүрлі аппараттық-бағдарламалық
ішкі жүйелерден тұратын жүйе түрінде көрсетуге болады, мұнда
басқарушының жұмыс орны, қашықта орналасқан жұмыс орны,
жүйе қауіпсіздігі əкімшісінің жұмыс орны кіреді, бұлардың
əрбіреуі біршама тəуелсіз болады.
• Əртүрлі əдістермен ақпаратқа қауіпсіздік қауіптерінің теріс
əсерін азайтуға болады. Осы əдістердің ішінен төрт негізгі топты
бөлуге болады: ұйымдастыру əдістері; инженерлік-техникалық
əдістер; техникалық əдістер; бағдарламалық-аппараттық əдістер.
• Корпоративтік ақпараттық жүйелер ақпаратты автоматтан-
ған өңдеуді жүзеге асыратын бөліктенген компьютерлік жүйеге
жатады. Корпоративтік желіні (КЖ) жасауда жəне жаңартуда өз
КЖ ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйесін жасау жəне жаңарту
қамын ойлау қажет.