95
араласпау жəне шығарылмаушылық модельдері жатады. Құ-
қықтар беру модельдерінен модельдердің аталған түрінің артық-
шылықтары: онда ақпараттардың сыртқа шығып кету арна-
ларының болмауы; желілік қорғалған есептеу желілері үшін олар-
ды пайдаланудың табиғилығы саналады.
Аталған математикалық модельдер теориясы қазіргі уақытта
қатты қарқынмен дамуда.
Ықтималдық модельдері.
Модельдердің осы түрі белгілі бір уақыт ішіндегі қорғау
жүйелерін еңсеру ықтималдығын зерттейді .
Қорғау жүйелерінің беріктігін сандық бағалаудағы модель-
дердің аталған түрінің артықшылықтарына жатқызуға болады.
Қорғау жүйесін ашуға болатындық оның кемшіліктері болып са-
налады. Модельдердің аталған түрінің міндеті – қорғау жүйесінен
өтіп кету ықтималдығын азайту.
Ойын моделі.
Қорғау жүйесінің ойын моделі келесі принцип бойынша
құрылады.
Əзірлеуші қорғау жүйесінің бастапқы нұсқасын жасайды.
Осыдан кейін қаскүнем оны еңсере бастайды. Егер, қаскүнем
қорғау жүйесін еңсерген Т уақыт мезетінде əзірлеушінің жаңа
нұсқасы жоқ болса, онда қорғау жүйесінен ол өтіп кетеді.
Аталған модель уақытпен өзгертіп қорғау жүйесі эволю-
циясының үдерісін сипаттайды.
Жолы толық жабылған қауіпсіздік жүйесінің моделі.
Жолы толық жабылған қауіпсіздік модельдері негізінде син-
тезделген жүйе, аз дегенде, жүйеге еніп кетуінің əрбір мүмкін
жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір құралына ие
болуы тиіс
(4- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: