Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет106/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   158
Мұғалім:  Біз жұмысты неден бастайтын едік? 
Оқушы:  Міндетті  түрде  мақсатты  (сабақтағы  әрекет  нәтижесінде  неге 
үйренетінімізді) анықтау керек. 
 


 
165 
Мұғалім:    Сабақтың  тақырыбын  хабарлап,  тақтаға  жазғаннан  кейін, 
сабақтың мақсатын айтуды сұрайды. 
Оқушы: Біз зат есімді тәуелдеп үйренуіміз керек. 
Мұғалім:  Дұрыс, сабақтың мақсаты қалайша тез анықтадыңдар? 
Оқушылар:  Сабақтың  мақсатын  анықтауға  сабақтың  тақырыбы,  өтілген 
материалдар бойынша біліміміз көмектесті, себебі бұндай тақырыпты біз әлі 
өткен жоқпыз. 
Мұғалім:  Өте дұрыс айттыңдар, жарайсыңдар? 
 
Бұдан  кейін  бүгін  неше  жаттығу  орындау  керек  екенін  хабарлап, 
оқушылардан  оқулықтан  сол  жаттығуларды  қарауды  сұрайды  (жұмыстың 
жалпы  жоспарын  құру).  Бұл  тапсырма  бастауыш  сынып  оқушыларына 
жұмыстың  көлемін  білдіріп,  оны  орындауға  талпынысын  ояту  мақсатын 
көздейді. 
Мұғалім:  Балалар, біз сабақта тағы не істеуіміз қажет? 
Оқушы:  Жұмысты  жоспарлау  керек,  яғни  жұмыс  ретін,  қандай 
жаттығуларды орындап, қандай ережелерді оқитынымызды анықтаймыз. 
255-жаттығуды  орындау  сұралады.  Оқушылар  жаттығуға  талдау 
жасайды. 
Мұғалім:  Кім айтады, бұл жаттығуды орындаудың мақсаты қандай? 
Оқушылар:  Бұл  тапсырма  бізді  зат  есімді  тәуелдеуге  жаттықтыру  үшін 
берілген. 
Мұғалім:    Дұрыс,  сендер  зат  есімді  тәуелдеп  үйренулерін  керек. 
Жаттығуда орындауға неше сұрақ ұсынылған? 
Оқушы:  Бұндай  3  сұрақ  орындалуы  керек:  көп  нүктенің  орнына  тиісті 
тәуелдік жалғауын жалғап, көшіріп жазу, олардың жағын ажырату, тәуелдік 
жалғауларының астын сызу. 
Мұғалім:    Дұрыс  айттыңдар,  осы  3  сұрақты  табуға  сендерге  не 
көмектесті? 
Оқушылар: Біз 3 сұрақты талдаудың көмегімен таптық. 
Мұғалім:    Бастауыш  сынып  оқушыларына  дәптердің  жиек  сызығына 
белгісіздің  (сұрақ)  санын  ”Б”  немесе  ”А”  әріптерімен  белгілеуді  ұсынады. 
(Б-3) 
Мұғалім:  Қай сұрақ бізден өтілген ережені білуді талап етеді? 
Оқушылар:  Бірінші  сұрақта  көп  нүктенің  орнына  тиісті  тәуелдік 
жалғауын  жалғау  керек.  Оны  орындау  үшін  біз  тәуелдік  жалғауларын 
білуіміз керек. Төуелдік жалғауларын үйреніп алған соң, қай жұмыстан соң 
қай жұмыс орындалатынын жоспарлауымыз керек. 
Мұғалім:  Дұрыс. Жаттығудың міндетінде не істейтініміз көрсетілген, ал 
оны  қалай  орындайтынымыз  анықталып,  содан  соң  ғана  жазуға  кірісуіміз 
керек. 
 
Мұғалім  сыныпта  екінші  және  үшінші  сұрақтарды  да  осылай 
талдайды. 
1.  Төуелдік  жалғауларын  мұғалім  түсіндірмей,  оқулық  бойынша  терең 
түсіну. 
2.  Әр жақтағы тәуелдік жалғауын бөліп, есте сақтау. 


 
166 
3.  Мәтіннен  тәуелдеуге  берілген  зат  есімнің  кімге  меншікті  екенін 
көрсететін сөздерді табу. 
4.  Ол  сөздердің  қай  жақты  көрсетіп  тұрғанын  анықтау,  соған  сәйкес  зат 
есімге тиісті тәуелдік жалғауын жалғау. 
 
Мұғалім  оқушыларға  дәптерлерінің  жиек  сызығына  бірінші 
тапсырманы  орындауға  қажетті  әрекеттер  санын  белгілеп  қоюды  ұсынады 
(бұл бірінші әрекет, оны жиек сызыққа ”Ж-1” санымен белгілейді). 
 
Мұғалім  осылайша  оқушыларды  өз  әрекетін  дұрыс  жоспарлауға 
сабақтың  басында  сабақтың  тақырыбы,  ал  кейін  тапсырманың  мазмұны 
көмектесетінін  түсінуге  алып  келеді.  Егер  әрекеттің  бірізділігі  сақталса, 
белгіленген  нәтижеге  жетуге  болады.  Еңбек  әрекетін  жоспарлауға  үйрету 
жұмысының  осындай  бірізділікпен  құрылуы  бізге  логиканы,  жұмыстың 
ретін  белгілеуге  көмектесетінін  атап  өту  керек.  Мұғалім  жоғарыда 
сипатталған  тәсілдерден  де  басқа  кұрделі  тәсілдерді  де  пайдаланады 
(әдістемені қараңыз). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет