Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет71/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   158
Бірінші  белгісі  –  қоғам  дамуының  бағытына,  әлеуметтік  сұранысқа 
сәйкестігі.  Озық  мұғалімдер  мен  білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлері 
өмір  талаптарына  сай  жұмыс  істеп,  педагогикалық  үдерісті  жетілдірудің 
тиімді жолдарын табады.  
  Озық тәжірбиенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің  тұрақты, 
жақсы  нәтижелері.  Педагогикалық  «өнім»  –  оқушылардың  білім,  іскерлік, 
дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. 
  Мұғалім  сабақтарын  дұрыс  бағалап,  оқушылардың  білім  сапасын 
тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:  
  - оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі; 
  - өз беттерімен білім ала білуі; 
  - білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы; 
  - оқушылардың жалпы дамуы. 
  Білім  сапасы  оқушылардың  байқампаздығынан,  талдау,  жинақтау, 
абстракциялау  іскерлігінен,  оқу  материалымен  жұмыс  істеу  жолдарын 
анықтаудан,  іс-әрекеттің  жүйесін  белгілеуден,  өз  іс-әрекетін  бақылап,  оған 
керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. 
Оқушылардың  тәртібі  олардың  пікірлерінен,  мінез-құлқынан,  жүріс-
тұрысынан байқалады.  
Озық  тәжірибенің  үшінші  белгісі  –  оқу,  тәрбие    тұрақты,  жақсы 
нәтижелерге  жету  үшін  мұғалімдер  мен  оқушылардың  өз  күштері  және 
құралдарын  орнымен  жұмсауы.  Оқушыларға  шамадан  тыс  қосымша 
тапсырмалар  беріп,  басқа  пәндерді  меңгеруге  зиян  келтіріп,  білім  сапасын 
көтеретін тәжірбие озық тәжірбие деп есептелмейді.  
  Жаңалық – озат педагогикалық тәжірбиенің төртінші белгісі. 
  Педагогикалық  озық  тәжірбие  оқу-  тәрбие  жұмысын  үнемі  дамытып 
және  жетілдіріп  отырады.  Сондықтан,  әрбір  мұғалім  еліміздегі  жаңашыл 
ұстаздардың  бай  тәжірбиесін,  белгілі  педагогтар  мен  психологтардың 
ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.  
  Мектептерде  педагогикалық  тәжірбиені  зерттеу,  жинақтау  ісі  күрделі 
және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірбие 
– оқыту мен тәрбиенің практикасын Жан-жақты зерттеу объектісі, фактілер 
мен ғылыми мәліметерді жинақтаудың негізгі көріністерінің бірі. Сондықтан 
педагогикалық  озық  тәжірбие  оқу-тәрбие  жұмысын  үнемі  дамыту  мен 
жетілдіру  де  үлкен  орын  алады.  Осыған  орай,әрбір  мұғалім  еліміздегі 
жаңашыл  ұстаздардың  бай  тәжірбиесін,  белгілі  педагогтар  мен 
психологтардың  ғылыми  еңбектерінде  терең  зерттеп,  өз  ісінде 
пайдаланудың жолдарын қарастырады.  
  Осындай  татымды  табыстарды  шығармашылықпен  қолданудың 
нәтижесінде,  мектептерде  педагогикалық  тәжірбиені  зерттеудің  кейбір 
нақты  жолдары  іске  асырыла  бастады.  Олар:  мұғалімнің  өз  тәжірбиесін  өзі 
зерттеп жинақтау; Педагогикалық еңбек шеберерінің жұмыс жүйесін зертеу 
және  жинақтау;  Бір  педагогикалық  тақырып  бойынша  бірнеше 
мұғалімдердің  іс-тәжірбиелерін  зерттеу  және  жинақтау;  Жаңашыл 


 
115 
мұғалімдердің  озық  тәжірбиесін  тарату  және  оны  оқу  тәрбие  процесіне 
енгізу;  педагогикалық  ғылыми  –  зерттеу  институттарының  басшылығымен 
оқу  және  тәрбие  саласында  орын  алып  отырып  тауып,  оны  шешуге  ат 
салысу. 
Оқу мен тәрбие тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз 
тәжірбиесін  өзі  зерттеп,  жинақтау  ісі-  әрі  қиын,  әрі  күрделі  мәселелердің 
бірі.  Бұл  мәселені  ойдағыдай  зерттеп,  практикада  дәлелдеу  тікелей 
мұғалімнің  өзіне  байланысты.  Мұғалім  оқыту  мен  тәрбие  әдістеріне 
байланысты  басты  мәселелерді  таңдап  алады  да,  лардың  тиімділігін 
сабақтың  немесе  тәрбие  жұмысының  барысында  бақылайды,  терең 
зерттейді.  Зерттеу  материалдарына  талдау  жасап,  қорытындысын  үнемі 
дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының 
өзіне  тән  ерекшелігін,  әр  түрлі  әдістерді  қолданудың  тиімді  жолдарын, 
оқыту  мен  тәрбие  процесінде  оқушылардың  ынтасы  мен  таным  қабілетін 
дамытуды  шығармашылықпен  іздестіреді.  Осының  нәтижесінде  мұғалім  өз 
жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, 
оларды  жоюдың  тиімді  жолдарын  қарастырады.  Қажетті  әдебиеттерге 
аннотация және библиография жасайды.  
  Мұғалім  өз  мектебіндегі  немесе  көршілес  мектептердегі  тәжірбиелі 
мұғалімдердің  әрбие  жұмыстарымен  танысады,  сабақтарына  қатысады. 
Олардың  оқыту  мен  тәрбие  әдістерін  өзінің  қолданып  жүрген  әдістерімен 
салыстырады, тиімді қорытынды жасайды. 
  Зерттеу  жұмысына  байланысты  құжаттарды  мұғалім  бірте-бірте 
жинастыра  береді.  Оларға:  сабақ  жоспары,  бағдарлама  тақырыптары 
бойынша  жасалатын  тақырыптық  перспективалық  жоспар,  оқушылардың 
жазба  бақылау  және  кестелік  жұмыстары,  дәптерлері,  сынып  жетекшісінің 
оқу-тәрбие 
жұмысының 
жоспары, 
түрлі 
тақырыптарға 
жазылған 
оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз 
жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине мұғалімнің 
өз  тәжірбиесін  өзі  зерттеп,  жинақтап  жазып  шығуы  оп-оңай  жұмыс  емес, 
оған уақыт қажет.  
  Зерттеу  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  оны  мектеп  мұғалімдерінің 
ғылыми-практикалық  конференциясында  талқылайды,  құнды  деп  тапса 
аудандық  «  Педагогикалық  оқуларға»  ұсынады.  Сөйтіп,  мұғалімнің  бұл 
шығармашылық  еңбегі  бірте-бірте  облыстық,  республикалық  талқылардан 
өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады. 
  Педагогикалық  жұмыста  зор  табыстарға  жетіп,  өзін-өзі  іс  жүзінде 
көрсете  білген  шебер  мұғалімдердің  жұмыс  жүйесін  зерттеп,  жинақтау  – 
озық тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты 
педагогикалық  кеңестің  шешімі  бойынша  әдістемелік  пен  бірлестігі 
басқарады.  Жоспар  бойынша  зерттеу  жұмысы  ең  алдымен  танысу  және 
бақылау критерийлерінен өтеді:  
1.  Іс-тәжірбиесі 
зерттелетін  мұғалімнің  өзімен,  сабақ  беретін 
сыныптардағы  сынып  жетекшілерімен  оқушылардың  үлгерімі  және  тәртібі, 
олардың  қоғамдық  жұмысы  мен  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  қатысуы  және 


 
116 
белсенділігі  туралы  әңгіме  жасалады.  Зерттеуші  кейбір  мәселелерді 
анықтайды. 
2.  Оқу-тәрбие  жұмысына  байланысты  соңғы  2-3  жылдардың  ішіндегі 
құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, 
сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып 
журналы,  оқушылардың  дәптері,  мәнжазбалары,  техника  және  көркем 
шығармашылық  жұмыстары,  мұғалімнің  әдістемелік  және  педагогикалық 
тақырыптарға  жасаған  баяндамалары,  журнал  беттерінде  жарияланған 
мақалалары және басқа еңбектері. 
3.  Алдын-ала  тәжірбиесі  зерттелетін  мұғалімнің  сабақтарына  кіріп, 
тәрбие жұмыстарына қатысып, бақылау жүргізіледі. 
4.  Зерттеу 
жүргізілетін 
сыныптардағы 
басқа 
мұғалімдердің 
сабақтарына  немесе  тәрбие  жұмыстарына  қатысып,  олардың  іс-нәтижелері 
тәжірбиесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады. 
5.  Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұсақ 
тақырыптарға  өткізілетін  тәжірбиелі  мұғалімдердің  сабақтарына  кіріп, 
олардың  жұмыс  нәтижесі,  тәжірбиесі  зерттелетін  мұғалімнің  ісімен 
салыстырылады. 
Танысу  және  бақылау  жұмыстарын  жүргізіп  болғаннан  кейін  тікелей 
зерттеу  басталады.  Зерттеу  жұмысы  өте  құнды  болса,  ғылыми  зерттеу 
институтының  жазба  пікірі  бойынша  «Педагогикалық  оқуларға»,  егер 
көлемді болса баспаларда жариялауға ұсынылады. 
Соңғы  кездерде  көптеген  педагогикалық  ұжымдардың  аса  көңіл 
аударарып  жүрген  мәселерінің  бірі  -  оқу  мен  тәрбие  брлігі,  пән  аралық 
байланыс,  сабақтың  тиімділігін  арттыру  т.б.  Осы  сықылды  жалпы 
педагогикалық  тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің 
іс-тәжірбиелерін зерттеп жинақтауға болады. 
Бірнеше  мұғалімдердің  іс-тәжірбиелерін  зерттеудің  нәтижесінде 
мектептегі 
бір-бірімен 
тікелей 
байланысты 
ғылыми-әдістемелік 
жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз. 
Соңғы 
жылдары 
біздің 
елімізде 
жаңашыл 
мұғалімдердің 
шығармашылық  тәжірбиесі,  педагогика  шеберлерінің  және  белгілі 
ғалымдардың  еңбектері  жарық  көрге  бастады.  Көптеген  құнды 
педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш. А. 
Амонашвили  және  П. И.  Иванов, мұғалімдер  В. Ф. Шаталов,  И. П.  Волков, 
Е.  Н.  Ильин,  М.  П.  Щетинин  т.б.  Осы  авторлардың  әрқайсысы  оқу  тәрбие 
процесінің  тиімділігі  мен  сапасын  арттыруда  өздерінің  ерекше  әдістерін 
жасады. Ш. А. Амонашивили кіші мектеп жасындағы балалрдың Жан-жақты 
дамуына  мүмкіндік  жасайтын  мектеп  практикасында  алты  жастағы 
балалармен  жұмысты  ұйымдастыру  принципі  жағдайын  ғылыми  дәлелдеді. 
И.  П.  Иванов  қазіргі  жағдайда  А.  С.  Макаренконың  идеясын  дамыта  келіп, 
ұжымшыларды  қалыптастыру  мен  тәрбиелеудің,  қоғамдаық  балалар 
ұйымдарына  әлеуметтік  өмірді  жетілдірудің  жолдарын  ашты.  В.Ф.Шаталов 
педагогикалық  міндеттерді  табысты  шешу  үшін  әрбір  оқушыны  күнделікті 
ақыл-ой  еңбегіне  бар  күшін салуға  қатыстыру,  әрбір оқушының абыройын, 


 
117 
өз  бетімен  және  шығармашылық  іс-әрекеті  негізінде  оқушылардың  даму 
қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың 
белгілі  жүйесін  жасады.  Бұл  кіші  мектеп  жасындағы  балалармен 
шығармашылық  сабақ  өткізіп,  олардың  нышаны  және  қабілетін  анықтауға 
мүмкіндік туғызады.  
Білім  беру  саласында  қажырлы  еңбек  етіп,  үлес  қосқан 
республикамыздағы  жаңашыл  мұғалімдерді  де  атап  кеткен  жөн.  Олар: 
Құрмаш  Нұрғалиұлы  Нұрғалиев,  Нұртазина  Рафика  Бекенқызы,  Архимед 
Мыңбайұлы  Ысқақов,  Григорий  Максимович  Курбатов,  Қанипа  Бітібаева 
т.б.  Бұл  мұғалімдердің  идеялары  және  педагогикалық  тәжірбиелері  қысқа 
түрде Б.Р.Аймамбетованың еңбегінде жазылған. 
Жаңашыл  мұғалімдердің  тәжірбиесі  орта,  жоғары  мектептердің 
мұғалімдері  мен  оқушыларының  игілігіне  айналады.  Сондықтан  олардың 
тәжірбиесін  зерттеуде  зор  көңіл  аударушылық  байқалып  келеді.  Өйткені, 
әрбір  жаңа  педагогикалық  құбылыс  талқылауды,  зерттеуді  және  талдауды 
қажет  етеді.  Озық  тәжірбиені  зерттеу  және  оны  тұтас  педагогикалық 
процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік 
етуді,  теория  мен  практиканың  дамуында  үнемі  жаңалықты  біліп  отыруды 
талап етеді.  
Осындай  дербес  және  ұжымдық  ізденуге  мектеп  және  мұғалімдердің 
білім  жетілдіру  институты  қызметкерлерінің  тікелей  қатысуы,  олардың 
шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  үнемі  ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттермен  педагогикалық-психологиялық  ғылымның  жетістіктерімен 
танысып отыруға мүмкіншілік жасайды.  
Мұғалім озық педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің 
тәжірбиесін  игеру  үшін  оларды  өзінің  педагогикалық  жүйесінің  құрамдас 
бөлігі  етеді,  жетілдіріп  дамытады.  Оларға  өзінің  шығармашылық  ойының 
элементін  енгізеді.  Озық  идеяларды  және  педагогикалық  тәжірбиені  енгізу 
мен  таратудың  түсінікті  формалары  –  ауызша  және  баспасөз  арқылы 
насихатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет