Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет110/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   158
Қазақ тілі сабағынан үзінді 
Тақырып. Жалқы есім және жалпы есім. Мұғалім сабақтың тақырыбын 
хабарлап, тақтаға жазады. 
 
Мұғалім:  Балалар, бізге сабақтың басында не істеу керек еді? 
 
Оқушылар: Алдымен сабақтың мақсатын анықтауымыз керек және оны 
дұрыс анықтағанымызды тексеруіміз қажет. 
Мұғалім:  Оны қалай тексересіңдер? 
Оқушылар:  Жұмыстың  мақсатын  анықтайтын  барлық  шарттарды  еске 
түсіреміз. 
Мұғалім:  Бұл сабақ үшін қандай шарттарды атар едіңдер? 
Оқушылар: Сабақтың тақырыбы. 
Мұғалім:  Гүлнар, барлық шартты дұрыс атады ма? 


 
168 
Оқушылар:  Жоқ,  сабақтың  тақырыбынан  басқа  бізге  мақсатты 
анықтауға  өтілген  материал  бойынша  біліміміз,  математика,  еңбекке  баулу 
т.б. сабақтардағы тәжірибеміз көмектеседі. 
Мұғалім:  Ерлан барлық шартты толық атады ма? 
 
Оқушылар: Иә, шарт түгел аталды. 
Мұғалім:  Бірақ бұлар жеткіліксіз, басқа да шарттар бар. Оны атау үшін 
оқулықтарынды  ашып,  біз  орындауға  тиісті  жаттығуларға  қараңдар. 
(Оқушылар  жаттығуларға  берілген  тапсырмаларды  оқиды).  Енді  кім 
толықтырып  айтады,  сабақтың  мақсатын  анықтауға  бізге  тағы  не 
көмектеседі? 
Оқушылар: Жаттығулар мазмұны көмектеседі. 
Мұғалім:  Дұрыс. Жалқы есім мен жалпы есімді ажырата біліп, жалпы 
есімді дұрыс жазуға үйренуіміз керек. 
 
Осылай  мақсатты  анықтау  барысында  оны  анықтауға  көмектесетін 
барлық шарттар еске түсіріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет