147
параллель циклдің қай итерациясын орындап жатқанына байланысты
болмауы керек деп есептеледі. Параллель циклдан қосымша шығуды
пайдалануға болмайды.
SCHEDULE
опциясында кӛрсетілген итерация
блогының ӛлшемі цикл шеңберінде ӛзгермеуі керек.
Келесі мысалды қарастырайық. Ол бағдарламаның паралель секциясында
орналасқан деп есептейік.
!$ОМР DO SCHEDULE (STATIC, 2)
DO i = 1, n
DO j = 1, m
A(i, j) = (B(i, j - 1) + B ( i - 1, j))/2.0
END DO
END DO
!$OMP END DO
Бұл мысалда сыртқы цикл параллель деп хабарланған, және мұнда
итерацияның блокты-циклдік таратылуы пайдаланылатын болады (блокта екі
итерациядан). Ішкі циклға қатысты ешқандай нұсқаулар жоқ, сондықтан ол
әрбір жіппен тізбекті орындалатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: