49
есептеу жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық құрамдарын дамытуды
бір-бірінен бӛліп қарауға болмайтынын тәжірибе кӛрсетті. Бір құрамдас
бӛлігіне жаңашылдық енгізу, басқасына да ӛзгеріс енгізуге тура келтіреді.
Оған жақсы мысал, Cray T3D/T3E тұқымдас компьютерлерде, процестерді
барьерлі синхрондауға аппараттық демеу болып табылады.
Ендігі бізді қызықтыратын ең бірінші мәселе – ол
параллель
бағдарламалау технологиясындағы ӛзгерістер. Әрине, қазіргі таңда
бағдарламашылар қоржынында Ассемблер немесе Fortran ғана емес, кӛптеген
жаңадан құрастырылған жүйелер және бағдарламалау тілдері бар екені
белгілі. Алайда, қазіргі уақытта,
тиімді параллель бағдарламалық қамтама
құрастыру, параллель есептеудегі басты мәселе болып табылады.
Сонымен, бір есепті шешуге бірнеше процессорларды қалай
жұмылдыруға және мәжбүрлеуге болады? Бұл сұрақ алғашқы параллель
компьютерлердің шығуымен бір уақытта пайда болды, бүгінгі күні әртүрлі
бағдарламалау технологияларының тұтас спектрі жинақталған. Нақты
технологиялардың толығырақ мазмұны 2-бӛлімде баяндалады, мұнда біз
негізгі бағыттарды сипаттаумен шектелеміз.
Бастапқы тізбекті бағдарламаларға «параллель» спецификасын қосатын
Достарыңызбен бөлісу: