Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Бұғатталусыз хабарламаны қабылдау/жіберу



Pdf көрінісі
бет90/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Бұғатталусыз хабарламаны қабылдау/жіберу.
Деректерді асинхронды жіберуді іске асыру үшін MPI технологиясында 
процедуралар жиынтығы қарастырылған. Бұғатталатын процедуралардан 
айырмашылығы, берілген топтағы процедуралардан қайтарылу процестер 
жұмысын тоқтатпай-ақ бірден шақырудан кейін іске асады. Бағдарламаның одан 
ары орындалуымен қатар бір мезетте асинхронды жіберілген операцияларға да 
ӛңдеу жүргізіледі. 
Бұл мүмкіндік тиімді бағдарламалар құру үшін ӛте пайдалы десе 
болады. Шынында-да, бағдарламашы қандай да бір уақыт мезетінде оған 
басқа процесті есептейтін массив қажет екенін біледі. Сондықтан ол бұл 
массивті алу үшін бағдарламада алдын ала сұраныс жасап қоя алады, ал 
массив нақты керек болғанынша кезкелген басқа пайдалы жұмысты атқара 
алады. Кӛптеген жағдайларда келесі есептеулерді жүргізу үшін хабарлама 
жіберудің аяқталуын күтіудің қажеттілігі жоқ. Асинхронды алмасуды аяқтау 
үшін, операцияның аяқталғанын, болмаса оның аяқталуын күтіп тұрғанын 
тексеретін қосымша процедураны шақыру қажет етіледі. Содан кейін ғана 
жіберілетін хабарламаны бүлдіруден қорықпай, басқа мақсаттар үшін жіберу 
буферін пайдалануға болады. 
Егер мүмкіндік болса хабарламаны қабылдау/жіберу операциясын 
есептеу фонында жасырып қою және осы мүмкіндікті қалайда пайдалану 
керек сияқты. Алайда тәжірибе жүзінде бәрі теориямен үйлесімді бола 
бермейді. Кӛп нәрсе нақты іске асыруларға байланысты. Ӛкінішке орай, 
жүйелік орта және аппаратура жағынан асинхронды операциялар әрқашанда 
тиімді қолдау таба бермейді. Сондықтан, егер жіберулер фонында 
есептеулерді орындау тиімділігі нӛлге тең болса оған таңқалуға да болмайды.


170 
Айтылған ескертулер тек тиімділік сұрақтарына ғана қатысты. Ал енді 
олардың ұсынатын функционалдығы жағынан қарайтын болсақ, асинхронды 
операциялар ӛте пайдалы, сол себепті олар әрбір нақты бағдарламада 
қатысады десек артық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет