25
жасушалар, барлық типтердегі жасушалар арасында сирек те болса кездесіп
тұратындықтарын анықтаған. Арнайы, яғни селективті деп аталатын қоректік орта
жағдайын тудыра отырып, бұл гибридті жасушаларын
бөліп алып өсіруге болады
екен.
Сонымен, денелік жасушаларын гибридизациялау үдерісі бірнеше кезеңдерден
тұрады деп айтсақ болады. Алдымен жасушалар бір-бірімен жабысады, содан соң
олардың қабықтары бұзылып, цитоплазмалық көпіршелер пайда болады.
Жасушалардың толықтай қосылуы ортақ қабықтарының пайда болуымен аяқталады.
Сөйтіп екі немесе бірнеше ядролы жасушалар пайда болады.
Гибридтік денелік жасушаларының өздігінен пайда болуы өте сирек жүреді.
Бірақ та, кейбір факторлардың болуы, жасушалардың
өздігінен қосылу жиілігін
біршама арттырады. Мұндай фактор ретінде ультракүлгін сəулелерімен
инактивтендірілген Сендай вирусы бола алатыны анықталған. Сендай вирусы
арқылы жасушалардың бірігуін тездете аламыз. Осы вирустың көмегімен əр түрге,
кластарға (сүт қоректілері + құстар) жəне типтерге (адам + маса) жататын денелік
жасушаларының гибридтерін алу мүмкін болған. Осы мақсатта Сендай вирусынан
басқа ерекше химиялық зат – полиэтиленгликоль да пайдаланылады.
Денелік жасушаларын гибридизациялау əдісі сүт қоректілерінің, əсіресе
адамдардың хромосомаларында гендердің
қай жерде орналасқанын, жай
жасушалардың қатерлі ісік түрлеріне айналу механизмдерін білу жəне гендердің
атқаратын қызметтерін басқарып отыру үшін өте қажет. Денелік жасушаларын
гибридизациялау арқылы гендік инженерияда өте кең қолданылатын зат – гибридом
алынды.
Достарыңызбен бөлісу: