Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет127/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Д
Дедифференциялану (лат. de – жою, болдырмау, differentia-айырмашылы, ағ.
Dedifferentiation) – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған жасушалардың
жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.
Дезоксирибонуклеотид – бес атомды дезоксирибозаның бір молекуласының
қалдығынан, пуриндерден (А, G), немесе пиримидиндердің азоттық негіздері (C, Т)
жəне фосфор тобынан тұратын ДНҚ- ның құрылымдық бірлігі.
Детерминациялану (лат. determinacio – шек қою, анықтау) – жасушалардың,
ұлпа, мүше жəне организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы.
Сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.
Диплоид (гр. dipllos – қос, екі есе, eidos – түр, ағ. diploid) – гаплоидты
гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни əрбір хромосомасы
жұптасып келетін ядро, жасуша, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы
сомалық (дене) жасушаларда болады.
Дистиллятор – дистилденген су алатын қондырғы.
Дисульфидті байланыс – күкірттің екі атомы арасында пайда болатын
коваленттік байланыс айтылады.
Детерминация – (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде
дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда
болуы. Детерминация үдерісі ооплазмалық сегрегация жəне бластомерлерге сапалық
айырмашылығы бар ядро мен циптоплазма арасындағы қарым-қатынастарға,
сонымен бірге жеке жасуша топтарының бір-біріне əсеріне негізделген
автономиялық өзгерістерден тұрады.
Дифференциация (ағ. cell differentiation) – жасушалардың (өсімдіктер,
жануарлар, т.б) басқа жасушалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.
Дифференциялану (ағ. cell differentiation) – даму үдерісінде біртекті
жасушалардан морфологиялық белгілері жəне атқаратын қызметі əртүрлі
жасушалардың түзілуі (жасушалардың мамандануы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет