Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет137/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Митоздық сегрегация (ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік (лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология – ДНҚ-ның рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру (ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер (ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.
Морфогенез in vitro (гр. morphe – түр, қалып, genesis – шығу тегі, туыс, ағ. in
vitro morphogenesis) – in vitro жағдайындағы морфогенез, организмнің дамуын
қамтамасыз ету үшін форманың немесе құрылымдардың дамуы, жетілуі.
Мутагендер (mutagenes) – физикалық жəне химиялық агенттер: иондалған
сəуле, жоғары жəне төмен температуралар, химиялық заттар. Табиғи мутацияларға
қарағанда мутация жиілігін əжептəуір жоғарылатады.
Мутагенез (лат. mutatio) – физикалық жəне химиялық факторлармен əсер ету
арқылы мутациялардың пайда болу үдерісі.
Мутагенез 
табиғи (mutagenesis spontaneous)
 –
табиғи 
жағдайда
мутациялардың өздігінен пайда болуы.
Мутация (ағ. mutation) – генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе
жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын
белгілерінің өзгеруі. Мутацияның: генеративтік (жыныс жасушаларында жүретін),
сомалық (денелік), ядролық жəне цитоплазмалық мутациялар сияқты бірнеше
түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет