Сорғалаң (течка) – жыныс бездерінен, жатырдан жəне жатыр түтікшесінен
бөлінген шырыштардың көрініс беруімен аяқталатын, аналықтың жыныс
мүшелерінің қызарып, ісіну кезеңі.
Сперматозоид – өздігінен қозғала алатын жəне аналық жұмыртқаға ену
арқылы аталықтың тұқымдық ерекшелігін болашақ ұрпаққа беру қабілеттілігіне ие,
ұсақ, гаплоидты аталық жасушалары.
Сплайсинг (ағ. splice – тұтастыру, өріп қосу) – иРНҚ-ның транскрипциядан
кейінгі «пісіп» жетілуі, яғни информациясы жоқ өліктерінің (интрондардың) кесіліп
алынып тасталынуы жəне информациясы бар бөліктерінің (экзондардың) бір-
бірімен жалғасу үдерісі.
Стерилизациялау – хирургиялық киімдерде, құрал-жабдықтар мен
зертханалық ыдыстардағы микробтар мен олардың спораларын жоюға бағытталған
жұмыстар.
Стерилизациялық блок – құрал-жабдықтарды стерильдеуге арналған орын.
Субпротопласт (лат. sub - астында) – протопластың бөлігі, цитоплазмалық
мембранамен қоршалған, құрамында кейбір органоидтары бар.
Суперовуляция – қосымша фолликулалар өсіп-жетілуі мақсатында, донор
аналығына гормоналды əсер ету тəсілі
Суперовуляцияланған ооциттер – экзогормондармен əсер ету арқылы донор
аналығынан алынған ооциттер.
Суперовуляциялану деңгейі – гормоналды егілген аналықтың бір циклінен
алынатын қосымша овуляциялардың мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
Т Тəжі тəрізді өсінді (ағ. crown gall) – қос жарнақты өсімдіктердің ісік ауруы,
жарақаттанған өсімдіктерде топырақ бактериясы Agrobacterium tumefaciens инфекция əсерінен пайда болады.
Термостат – температураны бір қалыпта ұстап тұруға қажетті қондырғы.
Термостат–инкубатор – гаметалар мен эмбриондарды өсіруге жəне
гаметалардың табысты ұрықтануына жағдай жасалынған арнайы қондырғы.
Тотипотенттік (лат. totus – барлығы, тұтас, potencia - күш) өсімдіктердің
денелік (сомалық) жасушаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни
ядродағы генетикалық информация негізінде организм түзу мүмкіндігінің іске
асырылуы.