34
алмастырылуы мен модификацияланған жасушаның аналық жатырына ендірілуі
себебінен, одан денелік жасуша алынған ағзаның толықтай көшірмесі дамып
шығатынын айтуға болады.
Денелік жасушалардың ядросын тасымалдау жұмыстарының жалпы схемасы
келесі 8-ші суретте берілген.
8-сурет. Денелік (сомалық) жасуша ядросын ауыстыру
(Ш. Уолкер. Биотехнология /Путеводитель, 2008.)
Терапиялық мақсатта эмбрионалдық
діңгек жасушаларын пайдалану
мүмкіндігі өте жоғары. Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін тікелей
емделетін ауыру адамның денелік жасушаларын қолдану арқылы да алуға болады.
Теория бойынша, осындай жолмен дайындалған эмбриональдық діңгек
жасушаларын, науқас адамның ауру мүшесіне егу арқылы, оның қайта қалпына
келуін қамтамасыз етуге болады. Болашақта
эмбриональдық жасушаларын
пайдалану мүмкіндігі кеңейіп, адам ағзасына қажетті мүшелерді толықтай өсіріп
шығару бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады деген болжамдар жасалынуда.
Осындай жолмен дайындалған мүшелердің пациенттің денелік жасушаларынан
дамуы себепті, иммундық жауап реакциясының туындауына ешқандай мүмкіндік
туылмайды. Алайда бүтіндей бір мүшені өсіріп шығару деңгейіне жету үшін,
жасушаның мамандану үдерістері жөнінде түпкілікті зерттеулер жүргізіліп,
35
толықтай мəліметтер алынуы қажет. Сонымен бірге, егерде науқас адам бір аурудан
тұқым қуалаушылық қабілетке ие болса, одан дайындалған эмбрионалдық
жасушалардың да сол кеселді қайтадан ағзаға апару мүмкіндігі де сейілмейді.
Денелік жасушалар ядросын тасымалдау технологиясын
пайдаланудың өзіндік
шектеулері мен кемшіліктері де бар. Мысалы, денелік жасушалардың ядросын
тасымалдау
технологиясын
қолдану
арқылы
жасалынған
клондардың,
эмбрионалдық даму кезеңдерінің соңғы мерзімдерінде, түсік тасталу қауіпі немесе
əртүрлі кемістердің туылу мүмкіндіктері де жоғары келеді. Сонымен бірге, мұндай
технологияны адамдарға қолдану мүмкіндігінің туындауы себепті, қоғамдағы
пікірлердің қалыптасуы мен оның моральдық-этикалық тұстары да ескерілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: