Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы



Pdf көрінісі
бет48/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
Ақуыз синтезінде жиі қолданылатын бір жасушалы қарапайым ағзалар ішінде
ашытқылардың маңызы өте зор. Бұл олардың химиялық құрамы ерекшеліктеріне
байланысты. Ашытқы ақуыздары өздерінің амин қышқылдары құрамы бойынша,
мал ақуыздарына жақын теңестірілген түрде болып келеді. Тек қана
микроорганизмдер өндіретін ақуыз құрамында амин қышқылдарының бір түрі –
метионин ғана мал ақуызынан 2-3 есе кем болады. Дайын ашытқы ақуыздарына
0,35-0,5% метионин қосса, протеиннің сіңімділігі артады. Құрамында
салыстырмалы түрде метионин аз болғанымен, ашытқы ақуыздары бағалы болып
саналып, ақуыз концентраттарын, жасанды тамақ өнімдерін жəне табиғи тамақ
өнімдері құрамын (нан, ұн, тары жəне т.б.) байыту мақсатында кеңінен
пайдаланылады. Ақуыздан басқа, ашытқы құрамында əртүрлі маңызды
элементтер – көміртекті заттар, гармон тəрізді қосындылар, ферменттер мен
дəрумендер болады. Олар негізінен В тобындағы жəне Д дəрумендерінің бай
көздері болып табылады. Атап айтсақ, дəрумендер өндірісінде ашытқылар Д
дəруменін шығару үшін кеңінен қолданылады.


90
Мал шаруашылығында жасанды ақуыз көздерін пайдалану олардың
өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, берілетін жем құрамына 1
тонна ашытқыларды қосу – қосымша 800 кг шошқа етін өндіруге мүмкіндік
жасаса, құс шаруашылығында бұл көрсеткіш 2200 кг дейін жетеді. Сиыр
шаруашылығында олардың рационына ақуыз-дəруменді қоспаларды араластыру,
малдардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақуыз өндірудегі ашытқылардың негізгі кемшілігі ретінде, олардың
құрамында көп мөлшерде, яғни 6-12% нуклеин қышқылдарының болуын айтуға
болады. Жəне бір кемшілігі – ашытқылардың қабықшаларының өте берік болуы
себепті, мал ағзасында қортылуы өте қиынға түседі. Олардың қабықтарының тез
бүлініп, мал ағзасында толық қортылуына мүмкіндік жасау үшін, көбінесе
актиномицеттің бір түрінен алынатын ферменттер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет