Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет54/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Амин қышқылдары
.
Амин қышқылдары дегеніміз – əртүрлі ақуыз
молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Амин қышқылдары органикалық
қышқылдар, яғни маңызды табиғи қосылыстар түрлерінің бірі болып табылады.
Амин қышқылдары түссіз қатты заттар болып келеді. Көпшілігі суда жақсы ериді.
Табиғатта жүзге тарта амин қышқылдары бар екені белгілі болса, олардың тек
жиырмадан астамы ғана ақуыз молекуласы құрамына кіреді. Ақуыздарды түзетін
амин қышқылдарының жалпы құрылысын келесі формула түрінде көрсетуге
болады:


99
R CH
COOH
NH
2
Бұлардың молекуласында карбоксильдік (-СООН) жəне аминдік (-NH
2
) топ
бар.
Зат алмасуы барысында ағзадағы ыдыраған ақуыздардың орнын толықтыру,
ескірген жасушалардың орнына жаңа жас жасушалар түзу жəне т.б. жағдайлар үшін
ағза əр уақытта тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде ақуызды заттарды қабылдап
отыруы қажет.
Қоректік бағалылығына қарай ауыстырылатын (тирозин жəне т.б.) жəне
ауыстырылмайтын (адамның жəне жануарлардың ағзасында түзілмейтін) амин
қышқылдары 
деп 
ажыратылатыны 
белгілі. Ауыстырылмайтын 
амин
қышқылдарының негізгілері қатарына лейцин, изолейцин, лизин, метионин,
фенилаланин, треонин, валин, триптофан жататынын біз білеміз. Бұл амин
қышқылдарының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен адам мен жануарлар
əртүрлі ауруларға шалдығатыны анықталды.
Амин қышқылдарын өндірісте əртүрлі əдістер мен өсімдік тектес
шикізаттардың ақуыздық гидролизаттарын экстракциялау, химиялық синтез жəне
микроорганизмдердің ортада көп мөлшерде амин қышқылдарын түзе алу қабілетіне
негізделген микробиологиялық синтез арқылы алады. Амин қышқылдарының
өндіруіне Corynebacterim, Micrococcus, Arthrobacter, Brevibacterium жəне т.б.
туыстарының Грамм оң, спора түзбейтін бактериялары жатады.
Амин қышқылдары халық шаруашылығында жəне медицинада кеңінен
қолданылады. Амин қышқылдарды əртүрлі полимерлер (синтетикалық тері,
полимерлері талшық (волокналар), тағамдық өнімдерді салатын қаптағыштар,
пленка жасауда) алу үшін, ауылшаруашылығында мал азығын амин
қышқылдарымен байытуда жəне медицинада метионин мен гамма-амино-май
қышқылдарын дəрілік заттар ретінде қолданылады. Амин қышқылын бір жылда
өндірудің деңгейі бірнеше миллион л. дейін жетсе, олардың ішіндегі көп мөлшерде
синтезделетіні L-глютамин қышқылы, L-лейцин, D,–L-метионин, L-аспарагин
қышқылдары жəне глицин болып табылады. Медицнада да амин қышқылдары,
мысалы аргинин қолданылады. Аспартат немесе глутаматпен бірге ол бауыр
ауруларын емдеуде пайдалы əсер етеді. K-Na-аспартаты шаршауды басады жəне
жүректің шаншуын жеңілдетеді, оны бауыры ауыратын адамдарды жəне сусамыр
науқасын емдеуде де ұсынады. Цистеин бауырдағы SH-ферментін тотығудан
қорғап, уланудан сақтайды. Ол тіке түскен күн сəулесінің күйдіру жарақаттарының
да əсерін азайтуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет