Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану



Pdf көрінісі
бет96/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
Өсімдік майларын əртүрлі өсімдіктерден алуға болады. Бізге белгілі зығыр,
күнбағыс, күнжұт, арахис, мақсары, кокос жаңғағы сияқты майлы өсімдіктерден
басқа да экзотикалық: джоджоба, гваюла, рапс, эквалипт, копайба, малмейро,
бобассо жаңғақтары сияқты көптеген өсімдіктер болады. Осы өсімдіктерден
алынатын майлар көптеген мемлекеттерде кеңінен пайдаланылады. Алайда бұл
өсімдіктерден алынатын майларды энергия көздері ретінде пайдалану үшін, оларды
өндіруге кеткен шығынды есептеу қажет. Егерде бір литр май өндіру үшін екі литр
жанар-жағар майы шығындалатын болса, оның тиімділігі болмайтыны белгілі.
Мұнда осы мақсатта қандайда бір өсімдіктерді өсірудің негізгі бағамы (критерийі)
ретінде, олардың өнімділік көрсеткіштері, яғни бір гектардан алынатын май
мөлшері мен оған кеткен шығын көлемі есептелінеді.
Өндірісте пальма ағашы майынан алынатын жанар-жағар майы, қант немесе
құрамында крахмалы көп өсімдіктерді өңдеу арқылы алынатын этил спиртінен
дайындалған өнімдерден анағұрлым артық келеді. Атап айтар болсақ, пальмадан
майды жыл бойына алуға болады, майды алу технологиясы өте оңай, қоршаған
ортаға зияны жоқ жəне қалдықтарынан құрамында ақуызға өте бай малазықтық жем
өндіріледі. Өндірісте неғұрлым осы мақсатта өсірілетін өнім толықтай пайдаға асса,
солғұрлым оны өсіру тиімді болатыны белгілі.
Өсімдік майларын таза күйінде де немесе жанар-жағар майларға қосынды
ретінде де пайдалануға болады. Бірақ та, егер бұл майларды этил немесе метил
эфирлеріне дейін өңдеп пайдаланса, олардың тиімділігі жоғарылап, машинаның
пайдалану ұзақтығының артатыны анықталған. Көптеген өсімдіктердің құрамында
көмірсутектері мол екендігі белгілі жəне оларды бірден жанар-жағар май немесе
химиялық өнім ретінде пайдалануға болады. Бұлардың ішінен каучук алынатын
hevea brasilensis өсімдігін атап өтуге болады. Химиялық тұрғыдан көмірсутегі ең
тиімді элемент болып табылады, өйткені оларды ешқандай микробиологиялық
немесе термохимиялық өңдеусіз тікелей пайдалануға болады. Ғалымдар табиғатта
осындай каучук тектес, құрамында көмірсутектері мол, өсімдіктерді табу
мақсатында ізденіс жұмыстарын жүргізген. Мұндай ізденіс жұмыстары негізінен
құрамында латекс сөлі бар өсімдіктерді іздестіру бағытында өрбіді. Бұл өсімдіктер
құрамында сүтке ұқсас 30%-көмірсутекті эмулсия бар, каучук дайындау үшін
пайдаланылатын өсімдіктер болып табылады.
Халық шаруашылығында көмірсутектері мен майларды жанар-жағар май
ретінде, оларды бөліп алып, химиялық жолмен этирификациялағаннан кейін ғана
пайдалануға болады. Сол себептен өсімдіктер құрамындағы қанттарды
микробиологиялық жолмен өңдеп, олардан этил спиртін дайындау бүгінгі күндегі
өндірістік жолмен жанар-жағар май дайындаудың негізгі көзі болып табылады.


165
Бірақ та, бұған кедергі болатын негізгі мəселелері қатарына, оларды өндірудің əлі де
төмен көлемде жүргізілуі жəне қанттың тамақтық маңызының зор болуы
жатқызылады. Сондықтан, бүгінгі таңда ашу өндірісінде тек осы мақсатта
пайдалануға жарамды деп табылатын өнім ретінде лигноцеллюлозаны айтуға
болады (ағаш құрамындағы). Қазіргі таңда осы өнімді сұйық күйге дейін жеткізіп,
оны ары қарай ашыту үдерістерін жетілдіру бүгінгі күнгі биотехнология саласының
жанар-жағар май өндірудегі негізгі мəселелерінің бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет