Іс-әрекетті және мінез-қҧлықты ынталандыру әдістері. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері – жарыс, жазалау, мадақтау, марапаттау. Мадақтау мен жазалау әдістері білім алушылардың оқу орнындағы іс-қимылы мен әркеттерін мақұлдау немесе айыптау үшін, үлгілі тәртіпті ынталандыру немесе нашар тәртіпті тежеу үшін қолданылады. Кӛтермелеу білім алушының мінезі мен тәртібіндегі жақсы қасиеттерді дамытуға және бекітуге ықпал жасайды. Жақсы бағалаған кезде білім алушы қанағаттану сезіміне бӛленеді.
Мадақтау – бұл білім алушының жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Оның түрлері: құрметті міндеттер тапсыру (лаборанттық, оқытушы ассистенті т.б.), кӛтермелеу сыйлықтары, құрмет және мақтау грамоталары, ұжымдык және жеке алғыс, арнаулы шәкіртақылар, т.б. Ынталандыру дегеніміз – жағымды әрекетті ынталандыру мақсатындағы тәрбиелеушіге педагогикалық әсер ету жолдары.
Мадақтауды қолдану талаптарының бірі – ұжымның пікірін ескеру. Мадақтау әдісі әдептілік пен нақты мӛлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтижелі болады:
білім алушылардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстарының болуы;
мақтау арқылы білім алушыны ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау;
мақтаудың қылық-ісіне сай болуы;
мақтау арқылы білім алушыға жекелей шешім табуды үйрету; 5) мактаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау – білім алушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын ынталандыру әдісі. Жазалау – қате қылықты ескеріп тежеу, ӛзарұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.
Жазалаудың мынадай түрлері белгілі: педагогтың ескертуі; білім алушыны аудиориядан шығарып жіберу; ауызша және жазбаша сӛгіс; қосымша тапсырмалар беру; белгілі бір құқығынан айыру немесе уакытша моральдық кемшілігін таныту; оқудан шығару (оқуға байланысты болмаса).
Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуының негізгі шарттары мыналар:
жазаның ұжым тарапынан туындауы;
студенттердің дара психологиясын біліп барып жазалау.
Дамыған елдерде барған сайын жоғары оқу орындарының оқыту мен тәрбиесі унитарлық сипатқа ие болып, бірбасты мақсатқа – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс табу, ӛмір сүру үшін қаржы табуға тәуелді болып барады. Білім алушыларға тәрбиесіз болудың теріс жақтарын сезіндіретін жағдайларды тудыру – ынталандырудың субъективтік-прагматикалық әдісі деп аталады. Оның мәні – тәрбиелеу дәрежесінің нашар болуы, қоғамдық тәртіпсіздіктің экономикалық тұрғыда зиянды екендігіне кӛздерін жеткізу. Субъективтік-прагматикалық әдістің нақты түрлері мыналар:
Контрактілер, оны педагогтар мен білім алушылар жасайды, онда екі жақтың міндеттері анық кӛрсетіледі;
Қызығушылық бойынша сараланған топтар құру, онда білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақылы да болуы мүмкін;
Мониторинг – білім алушылардың іс-әрекетін, дамуын т.б. үздіксіз бақылау, сол арқылы жеке дамуының бағытын, «тағдыр сценарийін» т.б. анықтау;
Тестілер арқылы тәрбиелік, әлеуметтік дамуын, бағытын, азаматтық кӛзқарасын анықтау, алынған нәтижені сайыстар, іскерлік ойындар, жарыстар, байқаулар, т.б. арқылы тексеріп отыру;
Айыппұл салу арқылы жазалауды, яғни теріс іс-әрекетін ақшалай ӛтету, құқық және ерік ауқымын азайту т.б.
Жарыс – іс-әрекетті ынталандыру әдісі болы табылады. Жарыс – адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде білім алушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарыс әдісі – ӛз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін калыптастыру және бекіту жолы. Жарысты ұйымдастыру барысында білім алушылардың психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру кажет: 1) жарысты белгілі максатқа орай ұйымдастыра білу; 2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – ӛзінде белгілі бір қасиеттерді дамытуға бағытталған адамның саналы іс-әрекеті. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу – тұлғаның ӛзінде меншікті құлықтық (адамгершілік) қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекет. Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу процесінің кезеңдері – мақсатты анықтау, белгіленген жұмысты орындау, жұмыс қорытындыларын жинақтау. Қайта тәрбиелеу – этикалық нормаларға қарама-қайшы келетін кӛзқарастар мен мінезқұлық түрлерін игерту.