«Азаматтық-патриоттық» тәрбие Қазақстан Республикасының егемендік алуы, нарықтық экономикаға кӛшуімен байланысты болып жатқан ӛзекті ӛзгерістер білім алушы жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін теңдесі жоқ биіктікке кӛтеруді талап ететіні айқын кӛрініс. Осы тақырыптағы дәрістің сыни тұрғыда жазу және ойлау технологиясы бойынша жоспарланған үлгісін ұсынамыз.
Тақырыбы: Азаматтық-патриоттық тәрбие
Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын меңгерту.
Ӛткізу әдістері: Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, эссе жазу, түртіп алу, 2 жақты күнделік, әңгіме құрастыр немесе 2-3 айналым.
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:
Азаматтық-патриоттық тәрбие туралы түсінік алады; Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері танысады.
Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясымен танысады.
Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдарын меңгереді.
Дәрістің мазмҧны: Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты.
Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері.
Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың жіктелуі.
Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары.
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ Жаттығу: «Ассоциация»
Студенттерге сұрақ: Патриот адамның негізгі қасиеттері қандай болуы тиіс?» қойылып , олардың жауаптары тақтаға жазылады.
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ Ауызша пікір алмасу
1. Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты Лектор сӛзі (слайд 1): Азаматтық-патриоттық тәрбие – адамға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси жағынан ӛзін кәдеге жарамды сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастыру.
Азаматтық-патриоттық қҧлықтың негізгі элементтеріне: ӛзінің қадір-қасиетін сезінуінен, жеке тұлғаның ішкі еркіндігінен, тәртіптілігінен, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікке деген құрмет пен сенімінен, ӛзінің міндеттерін орындауға қабілеттілігінен, отаншылдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сезімдерін жарасымды үйлестіруімен кӛрінетін адамгершілік және құқықтық мәдениет жатады. Адамгершілік мәдениет жалпыадамзаттық моральдық құндылықтарға негізделеді, ал құқықтық мәдениет құқықтық мәдениеттің ӛмір сүруінің субьективті негізі және алғышарты ретінде кӛрінеді, ондай мемлекет үшін адамдардың азаматтық жоғары деңгейде қажетсіну тән. Жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық құлқын тәрбиелеу тәрбиешілердің субьективті күш-жігерімен ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің обьективтік жайкүйімен, демократияның, гуманизмнің даму деңгейімен де анықталады. Жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық тҧрпатының негізгі белгілері балалық, жасӛспірімдік, бозбалалық жаста, отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қаланады да, әрі қарай адамның бүкіл ӛмір бойы қалыптасады.
Азаматтық-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – адамды қоғамның, мемлекеттің адамгершілік құлық мұраттарына, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, бейбітшілікке талпынуына, қоғам игілігі үшін еңбек етуді қажетсінуіне тәрбиелеу.
Патриотизм грек тілінен аударғанда «Patriotes» – отандас, «Patris» – Отан, туған жер деген мағынаны береді. Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуатымен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпымен салтдәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды. Азаматтық-патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар кӛзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған ӛлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам кӛкірегіне жылулық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар кӛздеріне айналуы азаматтық-патриотиоттық тәрбиенің арқасы.
Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы ӛмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами – түйсік қасиеті, оның еліне, туған жеріне, ӛз тілі мен мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына деген жеке қатынасын, ӛзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім кӛрсеткіші.