Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу жҧмысының әдістемесі»



бет58/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

2 курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу жҧмысының әдістемесі» деп аталады. Оның мақсаты мен міндеттері: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын қалыптастыру, қажетті әдістерді таңдай білу, экспериментті ӛзбетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы қорытындылау.
Іс-әрекет мазмҧны: студенттің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспар және зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, студенттердің тұлғалық ерекшеліктері және танымдық қабілеттерін зерттеу мәселесі бойынша диагностикалық әдістерді таңдау (тест, сауалнама, жоспар, әңгіме, бағдарлама, бақылау), дидактикалық материалдарды таңдау зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша кӛрнекі құралдар дайындау, психологиялық-педагогикалық экспериментті құрастыру білігін жүзеге асыру және жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.
Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік, дағды: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, зерттеу картасы мен картотека құрастыра білу, кластағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу, танымдық үрдістерін зерттеу (зейінін бағалау, есте сақтау, ақыл-ой деңгейіне диагностика жүргізу), жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (ӛзінӛзі бағалау, үрейлену деңгейі, агрессия, темперамент, мінез акцентуациясын, мамандық таңдау), дамыту жұмыстарын жүргізу, педагогке әрі қарай сыныппен жұмыстануға ұсыныс беру.
Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру принциптері: теория мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, қазіргі оқу орыныте білім берудің талаптарына сәйкестігі.
Студенттердің есеп қҧжаттары: зерттеу жұмысының жоспары, зерттеу картасы, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, диагностика қорытындысы, күнделік, білім алушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, ұжымға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.

  1. курстағы педагогикалық практика «Психологиялықпедагогикалық әлеуметтік практика». Мақсаты мен міндеттері: оқытушылық қызметтің негізімен таныстыру, оқу құжаттарымен жұмыстың білігі мен дағдысын қалыптастыру, психология мен педагогика пәні бойынша ӛзбетімен сабақ ӛткізу және оқу жоспарларын құру.

Іс-әрекет мазмҧны: Орта арнаулы білім берудің мемлекеттік стандартымен, психологиялық-педагогикалық білім беру, оқу жоспары, оқу үрдісінің кестесі, типтік жұмыс жоспарымен, психология мен педагогика пәнідері бойынша оқу бағдарламаларымен, колледждегі сабақтарға қатысу және талдау, психология мен педагогика пәні бойынша сабақтарды құру және ӛткізу, оны ӛзін-ӛзі талдау. Колледжде психологиялықпедагогикалық пәндері бойынша сабақ беру дағдысылану, тұлғалыбағдарлы оқытуды жүзеге асыра білу, студенттердің шығармашылығын дамыту және олардың шығармашылық мүикіндіктерін дамытуға жол сілтеу.
Студенттердің есеп қҧжаттары: күнделік, психология мен педагогикадан ашық сабақ жоспарлары, тәрбие жұмыс жоспары, диагностикалық зерттеу қорытындылары (таным үрдістері, жеке тұлғалық), психотренинг, психотүзету, психологиялықпедагогикалық ағарту жұмыстары, білім алушыға педагогикалықпсихологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет