2-топ тапсырмасы: «Мҧғалімнің қҧқығы мен міндеттері қандай?» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының «Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауында 51-бапта педагог қызметкердің қҧқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері кӛрсетілген: Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.
Педагог қызметкердің:
кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтық қызметпен айналысуға;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
жеке педагогикалық қызметке;
тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық кӛтермеленуге;
ӛзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
бес жылда кемінде бір рет аттастаудан ӛтуге;
педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың атааналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында кӛзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.