Тҧлғаның санасын (ҧғымдарын, тҥсінігін, пікірін, баға беру, нанымын) қалыптастыру әдістері. Кӛзқарастарды, ұғымдарды, сенімдерді қалыптастыру үшін тұлғаның санасып калыптастыру әдістері деп жалпы атпен аталатын әдістер қолданылады.
Этика тақырыбындағы баяндау – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде айтып беру. Түсіндіру – білім алушыға эмоционалды-сӛзді әсер әдісі. Оқу орыны тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Түсіндіру білім алушыға адамдардың қатынасын және мінез-кұлқын дұрыс бағалау икемділігін қалыптастыруға кӛмектесуі керек.
Сендіру білім алушыға белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру әдісі дегеніміз – білім алушылардың санасына, сезіміне, мінез-құлкына әсер ету. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.
Иландыру ӛтінішті түсіндірумен және сендірумен қатар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі педагогтың беделіне кӛп байланысты. Иландыру ӛз мақсатына жету үшін білім алушының жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, абыройына сұраныс жасаған дұрыс.
Әңгіме педагог пен білім алушының пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі әрі бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты – білім алушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік кӛзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Әңгіме-кеңес – тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртурлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, кӛзқарастар қалыптастырады. Әңгіменің нәтижелі болуы әңгіменің ӛзектілігі мен қызықтылығына байланысты. Әңгімені ҧйымдастырудың шарттары: 1.Әңгіменің проблемалық болғаны маңызды. Педагог білім алушыларды үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты олардың ӛздерінің табуына кӛмектеседі.
2.Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша жүрмеуі тиіс. Білім алушыларға ӛз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалардың ойларын сыйлауға, оған дұрыс кӛзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.
3.Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.
4.Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоиионалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.
5.Әңгіме кезінде барлық кӛзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.
6.Әңгімеге дұрыс жетекшілік жасау – тәрбиелеушінің оңды шешімге ӛз бетімен келуіне арқау болу.
Пікірталас – бұл білім алушылардың пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша білім алушы ӛзінің кӛзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа педагог пен білім алушылар бірдей дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарланадырылады. Пікірталас білім алушыларды қателіктермен жалпы кӛзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол білім алушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы білім алушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.
Ӛнеге – ӛте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: кӛру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты тұлғаларды, саяси майталмандарды т.б. ӛнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Ӛнегенің психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында білім алушылар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.
Айта кету керек, педагогтың ӛз ӛнегесін, білім алушыларға қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Педагогтың ӛз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, ӛзін ӛнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі.
Іс-әрекеттерді ҧйымдастыру және қоғамдық мінез-қҧлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез т.б.) қалыптастыру әдістері. Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сӛзі емес, сонымен бірге істеген ісі, қылығы сипаттайды. Білім алушылардың іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдайат, тапсырма.
Талап – мінез-құлық нормасының кӛрінісі, білім алушыларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежеу қызметтері бар. Ынталандыру қызметі – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бӛлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, ӛтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап - кеңес; 4) ойын-талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-ӛтініш;7) талап-ишара; 8) талапқуаттау; 9) жағымды және жағымсыз, мысалы қорқыту.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап нақты міндет, оны іс-әрекет үрдісінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі мен күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес білім алушыларды қажетті дағдыға, әдетке тӛселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, білім алушының ӛз-ӛзін тәрбиелеуі, уақыт жоспарлауы, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі білім алушының орындағыштық, сыпайылық (инабаттылык), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыпттастырады. Білім алушылардың ӛмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі ӛзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске ӛте жақын – жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі жағдаяттарда білім алушылардың моральдық нормалар мен тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен үндесуі қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау білім алушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Білім алушылардың ӛндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.
Үйрету және жаттыктыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау кӛрсету, машықтандыру, тапсырма.
Жаттығу нәтижесінің ұғынықты болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесіне; 2) мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) кӛлеміне; 5) қайталау жиелігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) білім алушының ӛзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жатттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізі мен ынталандыру жұмыстарына.
Педагог ситуация арқылы жеке адамның жағымды әрекеттері мен қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды. Ӛз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні ӛте зор. Мысалы екінші адамға бұрын орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту немесе жалған сӛйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда тірбиеленушілер кӛп ойланып толғанып барып белгілі бір іс-әрекет жасайды.