Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет19/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогтың ақыл-ой мәдениеті – педагогтің іс-әрекеті кезіндегі өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; түрлі педагогикалық жағдаяттардағы педагогикалық, сол сияқты жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар жиынтығы.
Өздігінен білім алу мәдениеті - өздігінен ілім алудың барлық құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен білім алу қажеттілігі дамыған тұлғаға тән қасиет, оның рухани өмірінің қажет элементі болып табылады. Тұлғаның танымдық қажеттілігінің қанағаттандырылуының жоғары формасы болып санала отырып, өзіндік білім алу адамның елеулі ерік күшінің көрінуіне, жоғары деңгейдегі саналығы мен ұйымшылдығына, өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – педагог пен оқушының арасындағы адмагершілікті саналы қарым-қатынасы, оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар.
Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Теориялық зерттеулер бұл тұрғыда әртүрлі бағыттар ұсынады, яғни тұлғаны дамытуда мәдени дамуды қарым-қатынас реттейді, оларды басқаратын және жіктейтін механизмдерін, заңдылықтарын анықтайды.
Қарым-қатынас мәдениеті ұғымының теориясы және оны жан- жақты талдаудың қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми әдебиеттерде терминнің мағынасы зерттеушілердің теориялық позициясына және ұғымның тереңдігіне тәуелді.
Ғылыми теориялық бағытта, қарым-қатынас мәдениеті – рухани және қатынастық материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні.
Мәдениеттің өзі материя қозғалысының әлеуметтік формасы,
«әлеуметтік ортаның қажетті шарты», тұлғаның өмір сүру әдісі, әрекетінің сапалық сипаты.
Ғылымда «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы бір жағынан дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым болса, екіншіден көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы тұрмысы, салты т.б. болып жіктеледі.
Алайда қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас және мәдениет ұғымы синтезінде төмендегідей логикалық анықтамаға сүйенеді: «қарым-қатынас мәдениеті - адамзаттың мәндік сапаларын жақындастыруға бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер». Зерттеуде О. Араковская берген бұл тұжырым қарым-қатынас мәдениеті ұғымын білім беруде қажетті педагогикалық мазмұнмен
толықтыруға бетбұрыс жасайды.
Қарым-қатынас мәдениеті адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс.
Болашақ кәсіпті игеру жолында да оның өзіндік ерекшеліктері, өлшемдері, бағыттары бар. Осыған орай, қарым-қатынас мәдениеті ұғымын жалпы құндылықтардан ажырата қарастыру үшін кәсіби қарым-қатынас мәдениеті ұғымын қолдануға болады.
Қазіргі қоғам сұраныстары рухани және материалдық сфералар аясында қарым-қатынас проблемасын өте маңызды етіп көрсетеді. Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. Оның дәлелі ретінде білім мен мәдениеттің терең байланысын айтуға болады.
Болашақ педагогтардың кәсіби мәдениетін дамыту қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу мәселесіне айна- луда. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, болашақ маман даярлауда студенттерге педагогикалық әдеп, іскерлік, дағдыны қалыптастырудағы басты компоненттерінің бірі – педагогикалық мәдениет шарттарын айқындау болып табылады.
Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Педагогтың кәсіби мәдениеті ол тұлғаның мәндік сипаттамасы ретінде жүйелі білім беру түрінде көрінеді.
Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:

  1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;

  2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;

  3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;

Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім:

    • ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс;

    • мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;

    • мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.

Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:

    • балаларды сүйе білу – ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;

    • баланы, адамды құрметтеу - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;

    • балаға, адамға сену – оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім;

    • баланы, адамды білу – тұлғаның жан дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі; гуманист болу – адамды тани білу;

    • баланы, адамды түсіну – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білу қабілеті;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет